1. Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_20-сабақ Қаратпа сөз_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

20-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою; 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

-сөйлемде қаратпа сөздерді үлгі бойынша қолдана алады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудара біледі;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Оқушылардың көпшілігі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

-қаратпа сөздерді қолданады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудара алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;

-сөйлемде қаратпа сөздерді кеңінен қолданады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудара біледі;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;
  • қаратпа сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қояды;
  • қаратпа сөздерді қолданып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қаратпа сөз, сәлем беру, бата алу.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: - Мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың?

  • Әкесі қандай мақсатта баласын ертті деп ойлайсың?
  • Осы оқиға арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді?

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа, салт-дәстүрді сақтауға, ата-ананы құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу. Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Тіл және сөйлеу, сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ,Т) Білімді бекіту. «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Берілген мақалдар негізінде қаратпа сөзі бар сөйлем құрастыру.

Оқушыларға мақал-мәтелдердің жеке сөз бөліктері таратылып беріледі. Берілген сөздерден мақал құрап, топтасады.

1. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.

2. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.

3. Сабыр түбі,сары алтын.

4. Кең болсаң, кем болмайсың.

5. Ата көрген, оқ жонар

5. Жақсы адамның өкпесі, шайы орамал кепкенше.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

 

Сабақтың ортасы

5 мин

12 мин

2 мин

5 мин

6 мин

3.3.7.1 (Ж; Қ) 5-жаттығу. Өлеңді оқу. Қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын табу.

Мәтінді мұқият тыңдау. Жұппен жұмыс ұйымдастыру. Өлең жолдарын қаратпа сөзі бар сөйлемді табады. Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын ақылдасып табады. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдейді.

Дескриптор:

- қаратпа сөзі бар сөйлемнің сызбасын табады;

- өз таңдауын түсіндіре алады.

Көркем жазу: Дд дәстүр дәріпте даналық

3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз пікірін білдіру білігін бағалау. «ДЖИГСО» әдісі.

7-жаттығу.

1-тапсырма. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді табу, тыныс белгісін түсіндіру.

Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді теріп жазу. Қаратпа сөздің астын сызу.

2-тапсырма: Мәтіннен ақпарат алу.

  • Кәкен қандай жаңа ақпаратпен танысты?
  • Кәкен қандай жас шамасындағы бала болуы ықтимал?
  • Оқиға жылдың қай мезгілінде болуы мүмкін?
  • Мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың?
  • Әкесі қандай мақсатта баласын ертті деп ойлайсың?
  • Осы оқиға арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді?

Бағалау дескрипторы:

- мәтіннен ақпаратты таба біледі;

- өзіндік ой қорытындысын жасай алады;

- мәтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді табады.

(МК) Қарама-қайшы пікір кездесті ме? Назар аудару.

Сергіту сәті. Дене қимыл жаттығулары.

(Ө; Қ) Тест тапсырмасы

1. Қаратпа сөздің қызметін анықта. Дұрыс жауапты белгіле.

А. Хабарлама жасау

Ә. Біреудің назарын аудару.

Б. Көзқарасын білдіру.

2. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап, тиісті тыныс белгісін қой.

А. Ата қалыңыз қалай?

Ә. Бабама сәлем беріп қайттым.

Б. Атам маған батасын берді.

3. Сөйлемде қаратпа сөздердің тыныс белгісін қой.

А. Әке ауылға қашан жетеміз?

Ә. Асықпа балам бәрі өз уақытында.

Б. Ассалаумағалейкум ата!

4. Берілген сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Мені атама ала барыңызшы.

___________________________________________

5. Берілген сөйлемдерді қаратпа сөзбен толықтыр.

..., сабағыңды оқып жүрмісің?

Жолдан шаршамай жеттіңдер ме, ... ?

Дескриптор:

  • қаратпа сөздің қызметін біледі;
  • тыныс белгісін сақтайды;
  • қаратпа сөздерді орынды қолданады.

Дұрыс жауаппен сәйкестендіріп тексеру.

«Бас бармақ» әдісі.

Бәрі дұрыс - жоғары. 1-2 қате- көлбеу. Көп қате – жанға

3.3.7.1 (МК; Ө; Қ) Шығармашылық үзіліс. 8-жаттығу. «Ішкі және сыртқы шеңбер» (карусель) әдісі. Диалогті оқып, әрі қарай жалғастыру. Сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыру білігін бағалау.

«Әлемдегі ең қымбат нәрсе не?» тақырыбында сұхбат ұйымдастыру. Шарты:

  • қаратпа сөзді қолданып сөйлеу;
  • өз ойын негіздеу;
  • сөйлеу мәдениетін сақтау.

Өзара кері байланыс беру: Маған ұнаған жауап..., себебі...

 

Сабақтың соңы

5 мин

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау. «Хабарлама» әдісі. Бағалай критерийлері бойынша қысқаша хабарлама жазу.

Менің сабақтығы жетістіктерім...

Мен ... дамытуды қолға аламын.

Үйге тапсырма: 6-жаттығу

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Түрлі деңгейдегі оқушыларды топтау.

Өзара бағалау, «Хабарлама» әдісі

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу