Табиғат пен қоршаған орта Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім «Табиғат пен қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:4 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады;

2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады;

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

  Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

Бағалау критерийлері

Cөйлемдерді жазуда жіктік жалғауларын дұрыс қолдана алады;

жазба барысында сауаттылықты және көркем жазуды сақтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Үй жануарлары, күтіп, баптау, қамқорлық көрсету, кішкентай күшік, асырап алу, кілемше.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен сыныпта жайлы ахуал орнату. Балалар көңілді шеңберге тұрып бүгінгі күнге жылы тілектерімізді білдірейік.

Арайлап таң атты!Алтын сәуле таратты!Жарқырайды күніміз,Жайнай түсті даламыз.Қайырлы таң балалар!Қайырлы таң апайлар!Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз.Достарымды көргенде,Қуана қарсы аламыз.Сәлем, сәлем, сәлем!

Бүгінгі күнге жақсы тілектер айттыңдар. Мен де сендерге бүгінгі күндірің сәтті болсын деймін.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар

Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.(күшік)

Тікірейіп құлағыМенен бұрын тұрады.Бойын жазып керіліп,Беті - қолын жуады.(мысық)

Жақсы олай болса біз бүгін сендермен суреттер сөйлейді деген ойын ойнаймыз. Қазір сендер 4 топқа бөлініп отырасыңдар, мен әр топқа бір суреттен таратып беремін. Осы суреттегі бейнеге қарап, оны сөйлету сендердің басты міндеттерің.

(Т) Топпен жұмыс. Сурет бойынша жоспар құрыңдар. Тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрыңдар.

Күз мезгілі, себелеп жаңбыр жауып тұр, үй ауласында, кішкентай күшік, жаңбыр астында, үйі жоқ, жалғыз, қарны аш, көңілсіз.

Кішкентай күшік, сабақтан келу, оқушы қыздар, күшікті байқау, жаны ашу, қамқорлық көрсету, асырап алу, жаңбыр суы, басы салбырап

Жылы үй, тамақтандыру, кептіру, жуындыру, ат қою, тамашалау, риза болу, ата-анасы келісу, үйде ұстау, жақсы дос, жаңа дос

Қарны тойған, тәтті ұйқыға бату, мейрімді қыздар, еденге кілемше төсеу, үйдің бұрышы

(Ұ) Диаграмма арқылы даладан тауып алған кішкентай күшіктің өмірін салыстырыңдар.

Күшіктің даладағы өмірі

Үйдегі өмірі

(Ж) Досың екеуің аулада ойнап жүріп, панасыз қалған кішкентай мысықтың баласын тауып алдыңдар. Қарны ашқан мысық бір бұрышта мияулап тамақ жегісі келіп отыр. Үйге алып кірейін десеңдер ата-аналарың қарсы. Сендер не істер едіңдер? Екі достың арасындағы диалогты құрыңдар.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия. Оқушылар аяқталмаған сөйлем кестесін толтырады.

Мен білгенмін...

Үйрендім...

Білімімді толықтырғым келеді...

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.

Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 тоқсан

1. Мәтіннің тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

 Қазақтар аққуды киелі құс деп санаған аққу құсы әдемі, әрі ақ түсті болып келеді қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген олар жұп болып өмір сүреді егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі қайғырып өлуге барған.

 

1) Әдемі, қайғыру сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Ақ –

Сұлу-

Өмір сүреді-

3) Ақ түсті тіркесіндегі түс сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

2. Мәтінді оқы.

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі.Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік етеді. Денесі тығыз, тұмсығы қысқа. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған.

1) Халық, бейбітшілік сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Қысқа –

Тыныштық-

Көп-

3) Жер бетіне тіркесіндегі бет сөзінің басқа мағынада қолдануына(омоним) мысал келтір.

3.Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы. Қарлығаш қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. Ал егер үйге қонса, үй – жан басы көбейеді. Қарлығаштың ұясын бұзған баланың көзін дәуіт шұқып тастайды. Себебі, дәуіт пен қарлығаш ағайынды.

1) Дос, ағайынды сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Дос-

Қон-

Бұз-

3) Қой сөзінің басқа мағынада қолдануына (омоним) мысал келтір.

Жерден тары шоқып ап.

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Бөтегесі томпайып,

Торғай – торғай тоқылдақ,

Қарға қарға қарғалар,

Боран соқса долданып,

Қар үстінде жорғалар.

Бұтаға келіп қорғанар.

Таранып қаранады жан-жағына.Сұлуды тасалама көк торғын бу!

Қаңқылдап қанатымен сабалап су.

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу