Табиғат пен қоршаған орта_ Тақырыбы Асырап алған жануарды күтіп бағуға арналған нұсқаулық жазу _15.04-қазақ тілі


Жұмбақтар шешу.

«Көкке шаншып құйрығын,

Шауып келеді жүйрігім»

Бұл қандай жануар екен?

Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар.

Бұл қандай жануар?

«Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.»

Бұл қандай мал?

Асты пышақ, үсті істік

Өзіне лайықтап киім пішкен,

Секіріп - секіріп түскен.

Бұл қандай жануар?

Бұл жануарларды бір сөзбен қалай аталады?

Сабақтың тақырыбы:

Асырап алған жануарды күтіп бағуға нұсқаулық жазу

Мақсаты:

Қарапайым мәтіндерді оқып, талдайды

 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады.

Неліктен адамдар итті асырап бағады?

-Иттің қандай пайдасы бар?

Кімнің үйінде ит бар?

Өз итің жайында айтып бер ?

-Ит –адамның досы мағынасын түсіндір..

Қорытынды

Сабақта не маңызды болды?

Сабақта қандай қиыншылық кездесті?

Келесі сабақта не білгілерің келеді?

ТОППЕН ЖҰМЫС.

1-топ “қой”

2-топ “сиыр”

3-топ “ жылқы”

4-топ “түйе

5-топ “ ешкі”

Ескеретін жайт:

нұсқаулықта қалай күту керек деген сұраққа жауап болуы керек.

Дәптермен жұмыс

Түліктің белгісі:

Түйе -БАЙЛЫҚ

Қой – МЫРЗАЛЫҚ,

Ешкі –ЖЕҢІЛДІК ,

Жылқы-СӘНДІК,

Сиыр –АҚТЫҚ.

Төлдерді былай деп шақырады:

Ботаны көс-көс,

Құлынды құрау-құрау,

Бұзауды әукім-әукім,

Қозыны пұшайт-пұшайт,

Лақты шөре-шөре

Дәптермен жұмыс. «Ойлан да аяқта» ойыны

Жылан жорғалайды, ал сиыр...............

Ит үреді , ал түйе....................

Қасқыр ұлиды, ал қой...................

Қарға қарқылдайды, ал жылқы .................

-Ат шабады , ал ешкі.....................

Өзін-өзі бағалау.

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгінгі сабақты..................(түсіндім, түсінбедім)

Маған тақырып .................. (қиын, жеңіл, көңілсіз)

Келесі сабақта .................(белсенді болу, жақсы қатысу)

Сабақты қорыту:

- Сабақта не маңызды болды?

-Сабақта не қиындық болды

-Келесі сабақта не білгілерің келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу