Табиғат пен қоршаған орта_ Тақырыбы Асырап алған жануарды күтіп бағуға арналған нұсқаулық жазу _Қысқа мерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Табиғат пен қоршаған орта

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Асырап алған жануарды күтіп бағуға арналған нұсқаулық жазу

Осы

Сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтемеу)

Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрастыру.

Мәтін,өлеңдерді түсініп оқып, талдау.

 Сабақ

 мақсаттары

О 4 Қарапайым мәтіндер оқып, талдайды.

Ж 4 Түрлі көркем сөздерді мәтін ішінен таңдап жазады.

Жетістік

критерийлері

  • Мәтіннің түрлерін біледі;
  • Мәтінді оқып, талдай алады.
  • Өз түсінгені бойынша шағын мәтін құрастыра алады.

 Сөздікқор

 

Жануарлар тобы, үй жануарлары,жабайы аңдар,табиғиортасы, жануарлардыасырау.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Дүнтетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

7-бөлім оқушылардың 3-тоқсанда алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әр түрлі мақсатта көркем әдеби мәтіндерді жаза білулері және тыныс белгілерін дұрыс қоя білулері тиіс. Олар білетін әңгімені ретімен айта білулерікерек.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

-Төрт санына байланысты сөз тіркестер ойластыру.

Төрт бала, төрт түлік, төрт теңге.

-Жұмбақтар шешу.

-«Көкке шаншып құйрығын,

Шауып келеді жүйрігім»

Бұл қандай жануар екен?

-Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар.

- Бұл қандай жануар?

-«Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.»

- Бұл қандай мал?

-Асты пышақ, үсті істік

Өзіне лайықтап киім пішкен,

Секіріп - секіріп түскен.

- Бұл қандай жануар?

-Бұл жануарларды бір сөзбен қалай аталады?

Проблемалық сұрақтар:

-Неліктен адамдар үй жануарларын асырап бағады?

-Оларды күту үшін не керек?

-Кімнің үйінде үй жануарлары бар? Ол қандай?

-Біз бүгін асырап алған жануарлар күту туралы мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы?

Сабақтың тақырыбы:

Асырап алған жануарды күтіп бағуға арналған нұсқаулық жазу

Мақсаты:

Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды оқиды.

Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады.

Жетістік критерилері:

Асырап алған жануарды күтіп-баптау жайында мәтін оқды

Қарапайым шағын мәтін құрастырады

Көркем сөздерді қолдана алады

Суреттер,

тірек сөздер,жануарлар, үй жануарларының суреттері

Сабақтың

ортасы

Қызығушылықты ояту.

Топтарға бөлу. (қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі)

Топтарда жұптар өз тобының атауына байланысты нұсқаулықта не болуы керек деген сұрақты талқылайды.

Топта талқылап, нұсқаулық құрастырады. Ескеретін

жайт: нұсқаулықта қалай күту керек деген сұраққа жауап болуы керек.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз

Күнге қарап табынып

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз !

Ортаға шығып, топтар өз нұсқаулықтарымен таныстарады. Өзара бағалау жүргізіледі. Топтардың жауаптарын алдын ала өлшемдерді талқылап, шығарып алады.

Дәптермен жұмыс

Түліктің белгісі:

-Түйе -БАЙЛЫҚ

Қой – МЫРЗАЛЫҚ,

Ешкі –ЖЕҢІЛДІК ,

Жылқы-СӘНДІК,

Сиыр –АҚТЫҚ.

Түлік иелері :

Жылқы иесі –«ҚАМБАР АТА »

Сиыр иесі –«ЗЕҢГІ БАБА»

Түйе иесі- «ОЙСЫЛҚАРА»

Қой иесі –ШОПАН АТА

Ешкі иесі –СЕСЕК АТА

Түйенің төлі –бота, Сиырдың төлі –бұзау,Жылқының төлі –құлын,Қойдың төлі –қозы, Ешкінің төлі –лақ.

Төлдерді былай деп шақырады: ботаны көс-көс,құлынды құрау-құрау,бұзауды әуке-әуке,қозыны пұшайт-пұшайт,лақты шөре-шөре .Түйе сүйеді баласын «боташым»деп, Жылқы сүйеді баласын «құлыным »деп, Сиыр сүйеді баласын «торпағым »деп Қой сүйеді баласын «қоңырым»деп ,Ешкі сүйеді баласын «лағым»деп

«Ойлан да аяқта» ойыны

-Жылан жорғалайды, ал сиыр (мөңірейді )

-Ит үреді , ал түйе (боздайды )

- Қасқыр ұлиды, ал қой (маңырайды)

- Қарға қарқылдайды, ал жылқы (кісінейді )

-Ат шабады , ал ешкі ( )

Балалар сендерді ата-әжелерің, әке –аналарың қандай сөздермен еркелетеді.

-мені анам « құлыным» деп еркелетеді

-мені әжем «кішкентай лағым» деп еркелетеді

-мені әкем «қошақаным» деп еркелетеді

мені апам «ботақаным» деп еркелетеді

- Сендерді үлкендер жақсы көріп.төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің аттарымен еркелетіп, әлпештегенде осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншіліктің бар екендігін көреміз.балалар бүгінгі сабағымыз «Төрт түлікке »арналады.

Суретпен жұмыс «Төлін тап» ойыны

1. Түйенің баласы – бота

2. Жылқының баласы – құлын

3. Сиырдың баласы – бұзау

4. Ешкінің баласы – лақ

5. Қойдың баласы -қозы

Қайталау

«Кім зейінді ?» ойыны Мал атасы .

Түйе атасы –Ойсыл қара

Сиыр атасы-Зеңгі баба

Жылқы атасы –Қамбар ата

Қой атасы –Шопан ата

Ешкі атасы – Сесек ата

Сабақтың

соңы

Сабақты қорыту:

- Сабақта не маңызды болды?

-Сабақта не қиындық болды

-Келесі сабақта не білгілерің келеді?

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі бойынша

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Рефлексия:

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгінгі сабақты..................(түсіндім, түсінбедім)

Маған тақырып .................. (қиын, оңай, жеңіл, көңілсіз)

Келесі сабақта .................(тырысу, белсенді болу, қатысу)

Денсаулық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу