Қазақ тілі және әдебиеті _2 сынып _ 7-бөлім Табиғат пен қоршаған орта_ Тақырыбы Асырап алған жануарды күтіп -бағу _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Табиғат пен қоршаған орта

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Асырап алған жануарды күтіп бағу

Осы

сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрастыру.

Мәтін,өлеңдерді түсініп оқып, талдау.

 Сабақ

 мақсаттары

О 4 Қарапайым мәтіндер оқып, талдайды.

Ж 4 Түрлі көркем сөздерді мәтін ішінен таңдап жазады.

Жетістік

критерийлері

  • Мәтіннің түрлерін біледі;
  • Мәтінді оқып, талдай алады.
  • Өз түсінгені бойынша шағын мәтін құрастыра алады.

 Сөздікқор

 

Жануарлар тобы, үй жануарлары,жабайы аңдар,табиғи ортасы, жануарлардыасырау.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Дүнтетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

7-бөлім оқушылардың 3-тоқсанда алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әр түрлі мақсатта көркем әдеби мәтіндерді жаза білулері және тыныс белгілерін дұрыс қоя білулері тиіс. Олар білетін әңгімені ретімен айта білулерікерек.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Өткенді қайталау.

Жануарлардың неше тобы болады?

Үй жануарларын адам неге асырап бағады?

Олардың жабайы аңдардан қандай айырмашылығы бар?

Қоянның баласы қалай аталынады?

Көжек туралы не білесіңдер?

Адамдар тағы қандай үй жануарын асырайды?

Суреттер,

тірек сөздер,жануарлар, үй жануарларының суреттері

Сабақтың

ортасы

Қызығушылықты ояту. Мына сурет бойынша не айтуға болады?

«Мысық» сөзін шығару.

Проблемалық сұрақтар:

-Неліктен адамдар мысықты асырап бағады?

-Оларды күту үшін не керек?

-Кімнің үйінде жануар бар? Қандай?

-Біз бүгін асырап алған жануарлар күту туралы нұсқаулық жазамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы?

Сабақтың тақырыбы:

Асырап алған жануарды күтіп бағуға арналған нұсқаулық жазу.

Мақсаты:

Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.

Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады.

Жетістік критерилері:

  • Асырап алған жануарды күтіп-баптау жайында қысқаша мәлімет жазады.
  • Қарапайым шағын мәтін құрастырып жазады.
  • Көркем сөздерді қолдана алады

«Мысық» ассоциациялық карта

Жеке жұмыс: «Мысық» туралы не білесіңдер? ББҮ кестесін толтыру:

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Жұптық жұмыс.

Мәтінді оқып, мәтіннен ең негізгі бөліктерін бөліп, дәптерге жазу.

Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой.

Мәтінді 5 топқа бөліктерге бөлу. Мысықтарды қолға үйрету тарихынан

1-топ

Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген.

2-топ:

Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.

3-топ:

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады.

4-топ:

Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.

5-топ

Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

Мәтіндерді оқып, сол оқыған мәтіндері бойынша мысықты күту нұсқаулығын құрастырады.

Дәптермен жұмыс:

Мысықтар туралы қызықты деректерді дәптерге жазу

Сабақтың

соңы

Сабақты қорыту:

- Сабақта не маңызды болды?

-Сабақта не қиындық болды

-Келесі сабақта не білгілерің келеді?

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі бойынша

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Рефлексия:

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгінгі сабақты..................(түсіндім, түсінбедім)

Маған тақырып .................. (қиын, оңай, жеңіл, көңілсіз)

Келесі сабақта .................(тырысу, белсенді болу, қатысу)

Денсаулық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу