Қоршаған орта Ізденуге үйренемін САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ізденуге үйренемін. «ң» дыбысының емлесі

Оқу мақсаты

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

3.1 Мәтін түрлерін құрастырып жазу

 Сабақтың мақсаттары

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді;
  • Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрап жазады.

 Тілдік мақсат

 

Бұл сабақтағы тірек сөздер «Алатау, қызыл-жасыл, биік шың, гүлдер, әдемі, қар, басы, таза ауа». Осы сөздермен барынша көп жұмыс жүргізіледі.

 Құндылықтарды дарыту

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, АКТ, дене шынықтыру

Алдыңғы білімдер

Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтау жолын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушыларға Нұрғали Нүсіпжановтің орындауындағы «Алатау» әнін тыңдау ұсынылады. Ән тыңдалып болған соң, оқушылармен әннің мазмұны бойынша әңгімелесу.

-Ән не туралы?

-Ән сендерге қандай көңіл күй сыйлады?

Оқушылар:

Бұл ән маған ұнайды, себебі ...

Әнді тыңдағанда мен...

Сабақтың мақсатын қою.

https://www.youtube.com/watch?v=FfihJ224FSA

Сабақтың ортасы

(Ұ) Әнді оқушылар қосылып айтады.

(Ж) Әннің ішінен «ң» дыбысы бар сөздердің астын сызады, оларды дауыстап оқиды.

(Ж) Жұптасып таудағы қарды сипаттайтын 3 сөз, бұлттарды сипаттайтын 3 сөз, ауа райын сипаттайтын 3 сөзден жазады.

(Т) Оқып, топта талқылайды.

Асан таудың етегінде тұратын атасының үйіне барды. Оның күнделігін оқыңдар. Негізгі ойды анықтап, жазады.

1-топ.

1 шілде

Бүгін атамның үйіне қонаққа барамын. Атам Іле Алатауының баурайында тұрады. Алақай! Таулы аймақтың жазы қандай болатынын көремін.

2-топ.

5 шілде

Атамның ауылына келгеніме бірнеше күн болды. Ауа райы ыстық емес. Әсіресе, кешке қарай салқын. Шіліңгір ыстықтан кейін рақат екен!

3-топ.

7 шілде

Бүгін тауға шықтым. Керемет! Аспанда аппақ мамық бұлттар көшіп барады. Тура төбемде жылжып бара жатқандай. Қолымды созып, шап беріп ұстап алғым келді. Бірақ қолым жетпеді. Ренжіп қалдым.

Ақ қар күнге шағылысып, көзді қарықтырады.

(Ұ) Көзге арналған жаттығу жасату

Тақтаға негізгі ойларды тізіп жазу. Ең негізгісін нысанаға жазу.

Сабақтың соңы

(Ұ,Ө) Суретпен жұмыс.

  • Сурет пен әннің ұқсастығы бар ма?
  • Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, сипаттау мәтінін құрап жазыңдар.

Алатау, қызыл-жасыл, биік шың, гүлдер, әдемі, қар, басы, таза ауа.

Рефлексия.

(+) белгісін кестенің қажетті бағанына қою арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Бүгінгі сабақтан үйренгенім маған керек.

Алған білімім әлі жеткіліксіз

Бүгінгі сабақтан үйренгенім керек емес, оны білемін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Көзге арналған жаттығу жасату



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу