қазақ тілі 2 cынып 7 бөлім Қоршаған орта Ізденуге үйренемін ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ізденуге үйренемін | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау, тірек сөздерді пайдаланып сюжетті сурет арқылы шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазу | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | «Қоршаған ортадағы заттардың атаулары мен табиғат құбылыстарының атауларын, жыл мезгілдері, т.б. сөздер мен терминдерді қолданады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; - ынтымақтастық; | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс, математика | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қоршаған ортаны танып білемін | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
2 минут 5 минут | І. Психологиялық ахуал. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру. Ана тілін құрмет тұтуға баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сеніБолашағым, бақытым, дана тілім (МК, Ұ) «Кім тапқыр?» ойыны Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. А) артық сөзді табыңыз. Қарлығаш, мысық, ауа райы, құмырсқа. /оқушылар ауа райы сөзінің артық екендігін айтады/. -Балалар, ауа райы сөзінің жанында қандай сөздер жазылған? -Олардың бүгінгі сабақпен байланысы қандай деп ойлайсыздар? /оқушыы жауабы тыңдалады/. -Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ ? -Ендеше бүгінгі сабағымыз қоршаған орта, нақтырақ айтатын болсақ ауа райымен байланысты болмақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу. | Слайд Слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 3 минут 5 мин 5 минут 2 минут | (Ө, Ұ) «Ойлан тап» ойыны Мақсаты: Суретте бейнеленген жануарлар арқылы қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтау, ауа райын болжауға үйрену. Тапсырма: суретке қараңыз. жануарлардың іс-әрекетіне қарап қандай ауа-райы болатындығын анықтаңыз. Қажетті сөздерді қолдана отырып, әңгімелеңіз. /оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауабы ауызша түрде бағаланады/. (Т, Ұ) «Ауа-райын болжаймын». Мақсаты: оқушының сыни ойлауын дамыту, бір-бірінің ойын тыңдау, толықытыру, ортақ шешімге келуге дағдыландыру. 1-топ: бақбақ өсімдігінің суреті; 2-топ: құмырсқаның илеуінің суреті; 3-топ: ағаш басына жиналған құстардың суреті; 4-топ: мәтін беріледі. Мәтіндегі ақпартты сызба түріне айналдыру. /топтардың жауаптары тыңдалады, 4-топ қорытынды сызба бойынша қорытындылайды/. (Ұ) Оқулықпен жұмыс. Мәтінге тақырып қою. Мақсаты: оқушының оқу дағдыларын дамыту, мәтінге тақырып қою, негізгі ойды анықтау, сын есім туралы білімдерін жетілдіру. Тапсырма:
Дескриптор: Мәтіндегі сын есімдерді анықтады. Сын есімдерді анықтады. /жоғарғы балл- 1 балл/. (Ұ) Сергіту жаттығуы. (Ө, Ж) Тірек сөздермен жұмыс. Мақсаты: тірек сөздер мен сюжеттік суреттерді пайдаланып әңгімелеу мәтінін құрау. Тапсырма: тірек сөздерді қолданып, әңгімелеу мәтінін аяқтап, жазыңыз. « Мен демалыс күні серуенге шықтым. Аспан түнеріп тұр екен. Салқын жел соғып тұр. Бір кезде ... ... ....» Тірек сөздер: сіркіреген жаңбыр, малмандай су болу. /тапсырма «жұптық әдіс» бойынша оқушылр бірін-бірі тексереді. Дескриптор:
| Слайд, жануарлардың суреттері. Суреттер, постер Оқулық 83 –бет Слайд Слайд Қима қағаздар | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексиялық-бағалау кезеңіКері байланыс:Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жасау. -Не үйрендік? -Не білдік? -Не қиын болды?
Өзін-өзі бағалау:Жетістік баспалдағы Стикерге өздерінің атын жазып, баспалдақтағы орнын анықтайды. | Түрлі стикерлер арқылы өздерін бағалайды. | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды өздері анықтайды. | Сұрақтарға жауап беру барысында, топтық жұмыс барысында бақылау жүргізу арқылы. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
\
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?