Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 7-бөлім Қоршаған орта Қоршаған ортаны танып білемін САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортаны танып білемін. Дара және күрделі сын есімдер

Оқу мақсаты

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойды анықтайды.

 Тілдік мақсат

Бұл сабақтағы тірек сөздер «бөдене, ішек-сілесі қатып күлу, қиқулап, өлдім-талдым». Осы сөздермен барынша көп жұмыс жүргізіледі.

Алдыңғы білімдер

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау жолын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Комплименттер бұрқасыны» стратегиясы арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеру. Оқушыларға кішкентай қиылған қағаз әзірлеп, бір сөзден тұратын комплимент жазуын ұсынады.

Кішкентай қиылған қағазға сынып оқушыларына арнап комплименттер жазып, лақтырады. Әркім алдына түскен қағазды ашып дауыстап оқиды.

1. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу (Түлкі)

2. Желіп кетсе, жеткізбейді,

Қасыңда тұрса көрінбейді. (Бөдене)

Жұмбақтың шешуі бойынша, жаңа сабақты ашуға түрткі сөздер екені айтылады. Оқушылар дауыстап жұмбақтың шешуін айтып, ортақ тақырыпты анықтайды. Жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

(Ұ) Кластер жасау.

Сабақтың ортасы

(МК) «Бөдене мен түлкі» деген ертегісін тыңдату.

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндердің бір күнінде: -  Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала: -  Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал. -  Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - депті кемпір. Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті. Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті. -  Досым, күлдің бе? - депті бөдене. - Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндердің бір күнінде түлкі: -  Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті. -  Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? - деп сұрапты бөдене. -  Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! - депті түлкі. - Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене. Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене: -  Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таяп қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, қуып беріпті. Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп:    - Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты. -  Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып: -  Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын! -  Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып: Маңғыт дей бергенде: -  Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты.  

  • Жұмбақ шешуі мен ертегінің арасында қандай байланыс бар?
  • Сенің ойыңша автор неге осы атауды таңдады?
  • Сендер қандай ат қояр едіңдер?
  • Ертегіде қандай таныс емес сөздер кездесті? (Сөздікпен жұмыс)

(Ө, Ж) Ертегіні оқиды. Жұптасып бір-бірлеріңе ауызша сұрақ қояды. Негізгі ойды анықтайды.

(Ұ) Көзге арналған жаттығу жасату

(Т) Ертегіні бөліктерге бөлу мен жоспар құруды ұсыну (әр топтан 1 оқушы шығып, жоспармен таныстырады, баға беріледі) 

Сабақтың соңы

(Ө) Ертегіні оқып шығып, екі сын есімдерді тауып жазады, олармен сөйлем құрайды. Түрін ажыратады.

Қызыл, қалың

Рефлексия.

Тақтадағы ағаш макетінің бос тұсына жеміс не жапырақ жабыстыру арқылы сабаққа кері байланыс жасалады.

  • Егер сабақ түсінікті болса жемісті, әлі де үйренетінім бар десеңдер жапырақты жабыстырыңдар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Көзге арналған жаттығу жасату



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу