Қоршаған орта Нұсқаулық жазамын. «ң» дыбысының емлесі САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нұсқаулық жазамын. «ң» дыбысының емлесі

Оқу мақсаты

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

 Сабақтың мақсаттары

2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық (ас әзірлеу рецептісі) жазу

2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Үлгі бойынша нұсқаулық жазады.

 Тілдік мақсат

 

Төрт түлік, достық, асыр салып, кең дала, күн нұры, тау етегі, бақытты, табиғат

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбекқорлық, жауапкершілікке тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ, дене шынықтыру

Алдыңғы білімдер

Үй жануары жылқыны қалай күту керек екенінен мәлімет алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұруды сұрау. Жұмбақ жасыру. Шешуін тапқаннан кейін, шеңбердің ортасына кіріп, ыстық доп ойынын ойнату. Допты кез келген баланың қолына ұстатарда бір тапсырма беріледі. Оқушы сол тапсырманы орындайды.

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жаптырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар (сиыр)

-Сиырдың төлін ата?

-Қалай дыбыстайды?

-Пайдасы қандай?

-Түсі қандай?

-Сүтінің пайдасын айт?

-Етінің пайдасын айт?

-Сиыр атасы?

-Тамағы қандай?

Сабақтың ортасы

(Ұ) Алдаркөсе мультфильмі бойынша сұрақтарға жауап береді. (көру: 0.25 -6.30)

-Мультфильм не туралы?

-Бай мен кемпірі не үшін бәстесті?

-Қалай ойлайсыңдар, олар дұрыс істеді ме?

-Олар сиырға дұрыс күтім жасап жүр ме?

-Сиырдың бізге қандай пайдасы бар?

-Оған қалай күтім жасау керек?

(Т) Берілген тапсырмаға қатысты кластер құруды сұрау.

1-топ. Сүтінен жасалатын тағамдар туралы не білесіңдер?

2-топ. Терісінен жасалатын заттар туралы не білесіңдер?

3-топ. Етінен жасалатын тағамдар туралы не білесіңдер?

Нұсқаулық жазу

) Бірлесе отырып, сиырға қандай күтім жасау керек екендігіне байланысты нұсқаулық жасайды.

  • Сиырға қолайлы жағдай жасау
  • Оған уақытымен тамақ беру
  • Тұрған жерін тазалап тұру
  • Оған су беру
  • Оны табынға жіберу
  • Оны жеке қораға қою
  • Желінін жуып тұру және т.б.

(Ж) Мультфильмдегі бай мен кемпіріне қандай ақыл-кеңес берер едің. Оларға хат жаз.

https://www.youtube.com/watch?v=XIvAdfVQ9q0

Сабақтың соңы

(Ж) Төмендегі тірек сөздер мен тіркестерді пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме жаз. «ң» дыбысының астын сызып, айтылу ерекшелігін айт.

Төрт түлік, достық, асыр салып, кең дала, күн нұры, тау етегі, бақытты, табиғат

Рефлексия.

Кестені толтыру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды

ұнады

қиын болды

қызықсыз болды

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

үлгі

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 7 минут қолдануды жоспарлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу