Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 7-бөлім Қоршаған орта Нұсқаулық жазамын САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нұсқаулық жазамын

Оқу мақсаты

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

 Сабақтың мақсаттары

2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық (ас әзірлеу рецептісі) жазу

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • үлгі бойынша нұсқаулық жазады.

 Тілдік мақсат

Сұраққа жауап беру, ойын ойнау барысында байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту

 Құндылықтарды дарыту

Жылқыны күтіп -баптауды үйреніп, үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру. Еңбекқорлыққа, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ, дене шынықтыру

Алдыңғы білімдер

Қарапайым хабарландыру, хабарлама мәтіндерін жазу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Он сұрақ» ойынын ойнату. Ортаға қалауы бойынша 1 оқушы шығады. Тақтаға жылқының суретін шығару. Ол қай жануар екенін тапқанша қалған оқушыларға 10 сұрақ қояды. Қалғандары «иә», «жоқ» деп қана жауап береді.

(Ж) «ББҮ» кестесін толтыру. Оқушылар жылқы туралы не білетіні, нені білгісі келетіні туралы кестеге толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Сабақтың мақсатын қою.

https://www.youtube.com/watch?v=_36QKQlDDT4

Сабақтың ортасы

(Ұ) Сілтеме бойынша бейнефильмді көріп болғаннан кейін, (көру: 1.00- 17.57) «Дұрыс-бұрыс» ойынын ойнату. Оқушыларға кесте таратылады. Егер оқушы келіссе (+), келіспесе (-) белгісін қояды.

Сөйлемдер

(+/-)

Бейнефильм Ертілеу ағаның қожалығындағы ат бегілік жайында.

+

Жылқы тазалықты ұнатады.

+

Жылқыға жылы болу үшін қораға шөп төсеп қойған.

-

Жылқының аты Сұңқар.

-

Бәйге кезінде жылқының терлегені дұрыс.

+

Аттың денесін щеткамен тазалайды.

+

Ат тамақты мұрнымен жегеннен кейін мұрны бітеліп қалады.

+

Бәйге атының тағасын ұста жыл сайын ауыстырады.

-

«Таң асыру» дегеніміз жылқының оразасы.

+

Витамин ретінде қызанақ береді.

-

(Т) Бейнефильм бойынша жоспар құруды ұсыну. Құрылған жоспарды ортаға салу.

Оқушылар топта мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, бейнежазбадан алған ақпараттарына кері байланыс жасап, төмендегідей үлгіде нұсқаулық әзірлейді:

-Үй жануарларына қолайлы жағдай туғызу;

-Уақытында тамақтандырып тұру;

-Серуенге алып шығу;

-Олармен бірге сүйікті ойындарын ойнату;

-Мал дәрігерлеріне айына бір рет тексеріске апарып тұру;

-Мейіріммен қарап, еркелету және т.б

) Жағдаятты қарастыру:

«Досың екеуің бір қожалықта көп жылқы ұстайсыңдар. Сендер оларға қандай күтім жасар едіңдер?»

Өздерің жасайтын 3 әрекетті тізбектеп жазыңдар.

Сабақтың соңы

(Ж) «ББҮ» кестесінің 3 үйрендім бағанын толтыру.

Рефлексия.

Жұмыстарын таудың етегіне, бауырына, шыңына ілу арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 3 минут қолдануды жоспарлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу