Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Айнымалы жұлдыздар. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Айнымалы жұлдыздар.

Мектеп: НЗМ ХББ Актау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мақсотова А. М

Сынып: 11

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.10.1.1 - Жұлдыздардың спектрлік жіктелуін сипаттау;

Сабақтың мақсаттары

  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуін (кластарын) түсіндіру;
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің температураға тәуелділігін түсіндіру
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің-жарқырауға тәуелділігін түсіндіру
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің абсолют жұлдыздық шамасына, массасына тәуелділігін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуін (кластарын) түсіндіру;
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің температураға тәуелділігін түсінеді
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің-жарқырауға тәуелділігін түсінеді
  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің абсолют жұлдыздық шамасына, массасына тәуелділігін түсінеді

 Тілдік мақсаттар

 Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: жұлдыз реңі, жұлдыздардың спектрі, спектрлік жіктелу, спектр-жарқындық диаграммасы, абсолюттік жұлдыздық шама, Герсшпрунг-Расселль диаграммасы, алып жұлдыздар, ергежей жұлдыздар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сөздік

 қазақша

 орысша

 ағылшынша

жұлдыз

звезда

Star

газ

газ

gas

отын

топлива

fuel

галактика

галактика

galaxy

жылу

тепло

heat

жеңіл шаң

легкая пыль

Light dust

атом

атом

atoms

Бұлт-тұмандық

облако

cloud

жұлдыз реңі

Цвет звезды

Star color

жұлдыздардың спектрі

Спектр звезд

Spectra of stars

спектрлік жіктелу

Спектральная классификация

Spectral classes

спектр-жарқындық диаграммасы

Диаграмма яркости-спектра

Luminance spectrum diagram

абсолюттік жұлдыздық шама

Абсолютная звездная величина

Absolute magnitude

алып жұлдыздар

Гигантские звезды

Giant stars

ергежей жұлдыздар

Карликовые звезды

Dwarf stars

Герсшпрунг-Расселль диаграммасы

Диаграммы Герсшпрунг-Расселла

Gerschsprung-Russell charts

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жұлдыздардың спектрлері жеті негізгі класқа (сыныпқа) жіктелген.

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар арасындағы ауызбіршілікті нығайту. Өзгелерге көмек көрсетуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өзінің және өзге оқушының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуін түсіндіргенде химия пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Оқушылар 9-сынып курсынан «Жұлдыздардың жарықтылығы. Жұлдыздардың жарқырауы» тақырыптарын білуі керек.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.

Сынып ішіндегі тазалыққа, сынып оқушыларының сабаққа қатысына назар аудару.

Бейнематериал көру. «Жұлдыздар қалай пайда болады?» Оқушылар сұрақтарға жауап береді

  • Жұлдыздар неден тұрады?
  • Жұлдыздар қалай пайда болады?
  • Жұлдыздар қалай өмір сүреді?
  • Жұлдыздар қалай сөнеді?
  • Бізге ең жақын жұлдыз?

 Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс жасай отырып, оларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-are-stars

Сабақтың ортасы

6-10 мин

Тапсырма 1.

Топтық жұмыс: «Түртіп алу» әдісі.

Оқушылар жұлдыздардың түрлері, өмірлік циклдері туралы теориялық материалмен танысып, түйінді мәліметтерді кезеңдеріне сәйкес реттілікпен орналастырады.

Бағалау критерийі

дескрипторлар

оқушылар…

Жұлдыздардың өмір сүру кезеңдерін білу, талдау

Жұлдыздардың өмір сүру кезеңін біледі

Жұлдыздардың жойылуын талдай алады

 

 

11-22 мин

23-27мин

28-33 мин

34 -37 мин

 Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бірігеді, яғни Жұлдыз, Күн, галактика суреттері арқылы бөлінеді.

Тапсырма: Оқушылар материалды өз бетінше зерттеу және оны постер түрінде көрсету. Берілген тақырыпты топта талқылайды. Оқулықты немесе интернет желісін қолдана алады.

А деңгейі:

  • Жұлдыздардың спектрі

В деңгейі:

  • Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі

С деңгейі:

  • Герсшпрунг-Расселль диаграммасы

Бағалау критерийлерін талқылау.

Постерде мыналар көрсетілуі керек:

  • Ақпараттың нақтылығы.
  • Қол жетімділік және таныстырылым логикасы.
  • Басқа топ оқушыларымен материалды меңгеруін тексеру үшін екі сұрақ дайындау.

Топтар постерлерін ұсынады, сұрақтар қояды, жауаптарын бағалайды (дұрыс / бұрыс), дұрыс жауап береді.

Тапсырма 2.

Жұптық бағалау жүргізіледі

Спектр-жарықтық диаграммасы бойынша тапсырманы жұппен орындайды.

 

Бағалау критерийі

дескрипторлар

оқушылар…

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуін талдау

Жұлдыздарды салыстыруда тәуелділік диаграммасын анықтайды

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің температураға тәуелділігін түсінеді

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің-жарқырауға тәуелділігін түсінеді

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуінің абсолют жұлдыздық шамасына, массасына тәуелділігін түсінеді

Тапсырма 3. Жеке жұмыс.

Тест «Жұлдыздар эволюциясы»

Өзара бағалау

Сабақтың соӊы

38-40 мин

4. Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулы және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Материалды меңгергендігін тексеру үшін бағалау критерийлерін қолдану.

Жеке, жұптық жұмысты бақылау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу