Зертханалық жұмыс №7 Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін өлшеу. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.


Ток көзінің ішкі кедергісін анықтау

Мақсаты

Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін қалай анықтау керек екенін оқып үйрену

Теория

Батареяны жасайтын материалдардың кедергісі болады. Бұл - онда тек потенциалдар айырмасы ғана емес, ішкі кедергіде болады дегенді білдіреді. Егер ток көзін тек ЭҚК десек, онда ол тізбектей жалғанған кедергілерден тұрады. Батареяларды көбінесеәртүрлі аймақтарда электрэнергиясын өндіретін құрылғы ретінде пайдаланылады. ЭҚК тұрақты, ол батарея ішіндегі химиялық реакцияға тәуелді. Осыдан, батарея клеммаларындағы кернеу тұтынушы қолданатын ток күшіне тәуелді.

Құрал-жабдықтар

Вольтметр (0-3V), амперметр (0-2A), кілт, ток көзі D, жалғағыш сымдар және реостат (0-50)

Жұмыс барысы

  • Суреттегідей электр тізбегін құру.
  • К кілт ажыратулы кезде вольтметр көрсетуін жазып алыңыз.
  • Кілтті қосып және реостатты ретке келтіріп, яғни кілттен ары қарай орналасуын қадағалаңыз.

  • Амперметр мен вольтметр көрсетулерін жазып алыңыз.
  • Реосттатың тұтқасын кілт жаққа қарай жақындата отырып, бірнеше мәрте ток күші мен кернеу көрсетулерін жазып алыңыз.
  • Алынған 6 нәтижені кестеге толытырыңыз.

Талдау

  • Кернеудің ток күшіне тәуелділік графигін тұрғызыңыз.
  • Графиктен көлбеулігін анықтаңыз. Бұл көлбеулік нені білдіреді?
  • Графиктен интерсепті табыңыз және ол нені білдіреді?
  • Графикті пайдалана отырып, I және V арасындағы теңдікті жазып көріңіз.

Қорытынды

Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі қандай мағынаны білдіреді?

Бақылау сұрақтары

  • Тізбектен ток өткенде ток көзінің ішкі кедергісінің ЭҚК-не қалай әсер етеді?
  • Қалай ойлайсыз жаңа ток көзі үшін де ескі ток көзі үшін де ішкі кедергілері бірдей бола ма? Түсіндіріңіз.
  • Не үшін құрғақ ток көзінде ішкі кедергі сұйық (аккумулятор) ток көзіндегі ішкі кедергіге қарағанда көп болады?
  • Түсіндіріп көріңіз неге құрғақ ток көздерін күн көздеріне біраз уақытқа қойса, қайтадан жұмыс жасайтынын?

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Эксперименттің мағынасын түсіндіңіз бе? Егер жоқ болса, түсіндіріңіз және өзіңізше басқаша жасау жолы бар ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу