МКТ – ның негізгі қағидалары мен ұғымдары. Термодинамикалық параметрлер. Физика, 10 сынып, презентация.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Молекулалық физика

Сабақ тақырыбы:

МКТ-ның негізгі қағидалары. Термодинамикалық параметрлер

Оқу мақсаты:

10.2.1.1 – МКТ –ның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау;

Бағалау критерийлері

МКТ-ның негізгі қағидалары мен ұғымдарын біледі;

МКТ-ның негізгі қағидалары мен ұғымдарын тапсырмалар орындау барысында қолдана алады;

Термодинамикалық параметрлерді біледі;

Термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне қарай идеал газды сипаттай алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Қыздыру ... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Сыныппен жұмыс

Попкорнның кинетикалық теориясы

ЖАУАПТАР / КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

1. Кинетикалық теорияда материяның барлық бөлшектерінің тұрақты кездейсоқ қозғалысы бар екендігі айтылған.

2. Қатты заттардың бөлшектері арасындағы тартылыс күші ең үлкен болады. Бөлшектер бір орында дірілдейді.

3. Сұйық бөлшектердің бөлшектердің арасындағы тартылыс күші қатты заттармен салыстырғанда әлсіз болады. Бөлшектердің тартылысы нашар ол сырғып кетуіне мүмкіндік береді.

4. Газ бөлшектерінің бір-бірлерінің арасында тартылыс күші жоқ. Бөлшектер арасындағы бос кеңістік еркін шектелмеген қозғалысқа мүмкіндік береді.

5. Балқу қаттыден сұйыққа айналады.

6. Булану сұйықтан газға айналады.

7. Салқындату - балқуға керісінше; бу сұйық күйге айналады.

8. Конденсация булануға қарама-қарсы; газ сұйықтыққа айналады.

Бос орындарды қажетті ұғымдармен толтырыңыздар.

Молекула (латынша moles – масса) – жай немесе күрделі заттың негізгі …………………… ……………….. сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші ………………….. 

Атом – берілген химиялық элементтің ең кіші ............................. бөлшегі

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

Молекула (латынша moles – масса) – жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек. 

Атом – берілген химиялық элементтің ең кіші бөлінбейтін бөлшегі

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАУАБЫ

Мұғалім мәліметі

МКТ-ның негізгі қағидалары:

дәлелдейтін тәжірибелік деректер:

Заттардың бөлінгіштігі. Осы кезде заттың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады.

Газдардың сығылғыштығы. Бұл дене молекулаларының арасында үлкен қашықтықтардың болатынын көрстеді.

Газдардың кез келген көлемді алатыны. Бұл дерек молекулаларыдың қозғалыста болатынын, сонымен қатар олардың арасындағы қашықтықтардың өзгеріп отыратынын білдіреді.

Броундық қозғалысденедегі микробөлшектердің хаосты қозғалысының айқын дәлелі.

Броундық қозғалыс дегеніміз сұйық немесе газ молекулаларына соқтығысқан қатты дене бөлшектерінің үздіксіз және ретсіз қозғалысы

Бұл жылулық қозғалыс, қозғалыс қарқындылығы тек температураға тәуелді болғандықтан қозғалыс тоқтамайды.

Термодинамикалық параметрлер

Газ күйінің теңдеуі газды сипаттайтын негізгі шамаларды байланыстырады. Газ күйінің теңдеуі:

Газдың күйін сипаттайтын барлық үш параметр өзгерсе, теңдеу көбіне төмендегідей жазылады:

Жұптық жұмыс

Жұптық жұмыс

1. Белгіленген тұрақты көлемге газдың көбірек молекуласын қосқанда, не болады?

A – қысым төмендейді себебі бөлшектердің қозғалатын кеңістігі азаяды

B – кейбір газдар үшін қысым төмендейді, ал басқалары үшін жоғарылайды

C – молекулалар контейнермен соқтығысатындықтан, қысым жоғарылайды

D – бөлшектер бір-бірімен жиі соқтығысатындықтан қысым жоғарылайды

2. Газдың температурасы қысымға қалай әсер етеді?

A – температура жоғарылайтындықтан қысым төмендейді

B – әсері жоқ

C – қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі қолданылатын газға байланысты

D – температура жоғарылайтындықтан қысым артады

3. Температура газдағы бөлшектер жылдамдығына қалай әсер етеді?

A – температура жоғарылаған сайын бөлшектер жылдамдығы артады

B – жылдамдықтың жоғарылауы немесе төмендеуі қолданылатын газға байланысты

C – температура жоғарылаған сайын бөлшектер жылдамдығы төмендейді

D – температураның бөлшектер жылдамдығына әсері жоқ

Идеал газ

Идеал газ дегенімізмолекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ.

Газдың күйінің өзгеруі

Изопроцестер теңдеуі, яғни белгіленеген бір параметрі бар газдың күйінің өзгеруі идеал газ күйі теңдеуінен алынады. Бұл параметрлердің бірі тұрақты болғанда, басқа екі параметрдің өзгерісін анықтай аламыз.

Авогадро заңы

Бірдей жағдайда сақталған бірдей көлемдегі түрлі газдардың молекулаларының саны да бірдей болады

Амадео Авогадро (1776–1856)

Итальяның атақты физигі және химигі, Турин ғылым акадимиясының мүшесі (1819 жылдан). 1820 жылы ол Турин университетінде физика ғылымдарының профессоры атанды. Авогадро Амедео заттардың атомдық құрылымы теориясын ойлап тапқан. Сондай-ақ грамм-атом және грамм-молекула ұғымын енгізіп арқылы танымал болды. Ол қазіргі кезде Авогадро тұрақтысы деп аталатын санды анықтады және Авогадро заңы ретінде белгілі молекулалар немесе атомдар саны заңын тұжырымдады. Ол атом массасын немесе молекулалық массаны анықтайтын әдісті ойлап тапты.

Идеал газ бен нақты газ

Pre-Quiz

Жеке жұмыс

Үйге тапсырма:

«Заттың агрегаттық күйлерінің түрленуін сипаттап жазу»

Рефлексия:

МКТ – ның негізгі ұғымдарын және идеал газды сипаттауды ...

толық білемін

Толық білмеймін, әлде де қайталау қажет

Толық білемін, кейбір сұрақтарым бар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу