Суперпозиция принципі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні:
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Математикалық маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
Мақсаты:
-Математикалық маятниктің формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
-Периодтың квадраты маятниктің ұзындығынан тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
-Алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау.
Сіз бұл жұмыста математикалық маятникті зерттейтін боласыз. Суретке қарап, келесі нұсқауларды орындаңыз.
(a)Маятниктің ұзындығы l = 0,30 м болатындай етіп қойыңыз. Суретте көрсетілгендей l – ұзындық жүктің центріне дейін өлшенеді. l ұзындықты қалай дәл өлшегеніңізді қысқаша түсіндіріңіз.
[1] | ||
(b)(i)Маятник жүгін тепе-теңдік күйінен 8-10 см жанға қарай ауытқытып, кейін еркін жіберіп тербеліске келтіріңіз. Маятник толық 10 тербеліс жасағандағы t уақытын өлшеңіз.
t1 = | с | [1] |
(ii)Маятниктің T периодын есептеңіз.
T1 = | с | [1] |
(c) (i) Неліктен 1 тербелістің емес, 10 тербелістің уақытын өлшеу Т мәнін дәлірек
беретіндігін түсіндіріңіз.
[1] | ||
(ii) Маятниктің толық тербелісін қай кезде есептеу керектігін анықтау үшін дұрыс жауапты белгілеңіз.
А. Оның тербелісі А нүктесіне жеткенде
В. Дәл сол бағытта В нүктесінен өткенде
С. Кез келген бағытта В нүктесінен өткенде
D. Оның тербелісі С нүктесіне жеткенде
[1]
(iii) ii –ғы таңдаған өз жауабыңызды негіздеңіз.
[1] | ||
(d) (i) Тербеліс периодының бірнеше T мәндерін алу үшін маятниктің l ұзындығын 0,35; 0,40; 0,45; 0,50 м-ге өзгерте отырып (a) және (b) тапсырмаларын қайталаңыз.
Кесте құрып, оған өлшенген және есептелген шамаларды енгізіңіз. Кестеге T2 мәнін де енгізіңіз.
[5]
(iі) Өлшенген l –ді ордината өсінде, ал есептелген T2 -ты абцисса өсінде көрсете отырып тәуелділік графигін жақсы жүргізілген түзу арқылы көрсетіңіз. |
[5]
е (і) График бойынша G градиентті анықтаңыз. Қажетті мәліметтерді қалай алғандығыңызды графикте көрсетіңіз.
G =......................................................
[2]
(іі) (е)(iі)-дағы G-дің мәнін пайдалана отырып 42G мәнін есептеңіз
[1]
(ііі) Қолданылған әдістер мен құралдарды есепке ала отырып, өзіңіздің алған 42G мәніңіздің қаншалықты нақты екендігін түсіндіріңіз.
[1] | ||
[Барлығы: 20]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру