Электр өрістерінің суперпозиция принципі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалау

ОБ сілтеме: 10.2A - Электр өрісі

Оқу мақсаты: E= U/d формуласын пайдалана отырып екі параллель жазықтықтар арасындағы электр өрісінің кернеуін есептеу

Бағалауға арналған тапсырмалар

1. Біртекті өрістің кернеуліктің бір сызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 4кВ-қа тең. Осы нүктелердің арақашықтығы 20 см. Өрістің кернеулігі қандай?

2. Екі параллель металл пластиналар арасындағы потенциалдар айырымы 5000 В. Олардың арасындағы электр өрісінің кернеулігі 80кН*Кл−1.

Есептеңіз:

aпластиналардың ара қашықтығын

bпластиналар арасында орналасқан заряды 1.6 10−19 Кл шаң тозаңына әрекет ететін күшті

3. Горизонталь орналасқан екі пластинаның арасындағы кернеу 300В. Пластиналардың арақашықтығы 20 см. Осы пластиналардың өрісіндегі тепе-теңдікте тұрған тозаңның заряды 2×10-14 Кл болса, оның массасы қанша?

4. Аккумулятордағы 0,2 Кл заряд орын ауыстырғанда 10 Дж жұмыс жасалса, онда аккумулятор полюстеріндегі потенциалдар айырымы қандай?

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Нәтиже

Білу

E=U/d формуласын біледі.

Қолдану

E=U/d формуласын қорытып шығара алады.

Математикалық сауаттылық

Кернеулікті анықтауға қатысты дұрыс есептеулер жүргізеді (формуланы түрлендіре алады).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу