Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік құбылыстар

Мектеп:

Сабақ тақырыбы: Электромагниттер және оларды қолдану.

№ 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

8.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаттары

  •  жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
  • электромагниттер және оларды қолдану.

Бағалау критерийлері

  • жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыруады
  • электромагниттер және оларды қолданысын түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

электростатикалық заряд, тұрақты магнит, магнит өрісі, магниттеу, магниттік полюстер,соленоид (тогы баркатушка), компас

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Магниттердің әрқайсысы ....... және .........полюсті магнит болып бөлінеді.

Жердің магнит өрісі ...............

  • Тұрақты магниттің магнит өрісі............

Темір заттарды тартатын заттар .................деп аталады.

Тогы бар өткізгіш және магнит тілшесінің өзара әрекетін бірінші рет даниялық ғалым ......... анықтады.

Өткізгіштер мен токтардың бір-біріне әрекет ету күштері-...........

Магнитті қозғалыс күшті болатын магнит орындары магнит .... деп аталады.

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар ......өрісінің сызықтары.

Құндылықтарды арыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.

Бастапқы білім

Магнит өрісі, соленоид, бұрғы ережесі, траты магниттер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

  • Оқушылар теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын орындайды. «Тұрақты магниттер»
  • Төмендегілердің қайсысы тұрақты магнит жасау үшін қолданылмайды?

A – кобальт B – никель C – мыс D – темір

  • Магниттің қанша полюсі бар?

A – 1

B – 2

C – 3

D – 4

  • Аттас полюстер не істейді?

A – тебіледі

B – тартылады

C – ешқандай әрекет болмайды

D – полюстердің түріне байланысты

  • Төмендегілердің қайсысында магнит қолданылмайды?

A – металл қалдықтарының қоймасында металды жинайтын машинада

B – компастарда

C – дыбыс зорайтқыштарда

D – шәйнектерде

  • Неліктен Жерде магнит өрісі бар?

A – оның қатты темір ядросы бар B – ол электрленген

C – оның сұйық темір ядросы бар

D – оның үлкен гравитациялық өрісі бар

  • Компас қалай жұмыс жасайды?

A – ол жердің магнит өрісімен сәйкес келеді

B – ол бір ғана полюсі бар магниттен тұрады

C – ол Жердің айналу бағытымен сәйкес келеді

D – оның құрамында электрленген металл бар

Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарды көрсетеді, ал оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылар бірі-біріне немесе мұғалім оқушыға кері байланыс жасайды

  • Ой қозғау. Электромагнит дегеніміз не? Ол қалай жұмыс істейді?

Оқушылар жұпта талқылайды, мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

электромагниттер және оларды қолдану.

Сабақтың ортасы

7-12 мин

12-32 мин

32-37 мин

  • Түсіндіру. Мұғалім виртуалды зертханалық жұмысты қолданып түсіндіруіне болады.

Кез-келген қозғалыстағы заряд магнит өрісін тудырады. Сымдардан ағып өтетін ток күші үлкен болмаса, магнит өрісі әлсіз болады. Бірақ сымды катушка қылып орау арқылы үлкен магнит өрісін алуға болады. Сондай-ақ, электромагнитке темір сияқты ферромагнитті материал таяқшасын енгізу арқылы магнит өрісін күшейтуге болады. Электромагниттер өрістің кернеулігі ретінде пайдалы, оны сымдағы токты арттыру немесе кеміту арқылы немесе айналма санын өзгерту арқылы басқаруға болады, және тұрақты магниттен айрмашылығы, электромагниттерді сөндіріп-қосуға болады. Электромагниттер көп жерлерде қолданылады, атап айтқанда, қозғалтқыштарда, дыбыс зорайтқыштарда және көлікті жабуға арналған орталық жүйедегі қуатты құлыптарда пайдаланылады.

Қуатты электромагниттерді асқын өткізгіш сымдармен жасауға болады. Асқын өткізгіштердің кедергісі болмайтындықтан, аса көп мөлшердегі токтың қолданылуына мүмкіндік береді, және олар қыздыруды болдырмайды. Өкінішке орай, асқын өткізгіштер өте төмен температураларда ғана жұмыс істейді.

  • Оқушылар зерттеу дағдысын дамыту үшін зертханалық жұмыс орындайды

Зертханалық жұмыс №10.

Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу

Жұмыстыӊ мақсаты: Электромагниттіӊ негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.

Құрал- жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.

Жұмыс барысы:

1) Ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаӊдар;

2) Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғыныӊ магнит полюстерін анықтаӊдар;

3) магнит тілшені шарғыныӊ магнит өрісініӊ оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыӊдар;

4) шарғыға темір өзекті енгізіӊдер;

5) электромагниттіӊ магнит тілшеге әрекетін бақылаӊдар

6) қорытынды жасаӊдар

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

алынған теориялық білімдерін техникалық құралдардың жұмысын түсіндіру үшін қолданады.

электр тізбегін жинайды;

шарғының магнит полюстерін анықтайды;

шарғыны магнит тілшеден шамалы қашықтыққа қойып магнит орісінің әсерін бақылайды;

шарғыға темір өзекті енгізіп тілшеге әсерін бақылайды; қорытынды жасайды.

  • Сабақты бекіту оқушылар теориялық білімді игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын орындайды.

«Электромагниттер»

  • Электромагниттердің қандай артықшылығы бар?

A – оларды қосуға және өшіруге болады

B –оларды кез-келген материалдан жасауға болады

C – олардың магниті ұзаққа сақталады

D – магниттегі полюстердің санын қадағалауға болады

  • Электромагнит қалай жасалады?

A – екі металдың қиылысы қыздырылады

B – ток катушка арқылы өткізіледі

C – екі зарядталған пластиналар арасы саңылаумен бөлінеді

D – металл бөлігі магнит өрісінің әсерінен қыздырылады

  •  Сымның айналасындағы магнит өрісінің формасы қандай?

A – сымның бойымен бағытталған B – сымнан бері қарай бағытталған C шеңбер тәрізді айналады

D – ол үнемі өзгеріп тұрады

  • Төмендегілердің қайсысы электромагниттің күшін арттыра алмайды?

A – темір таяқша қосу

B – магнитті үнемі сөндіріп-қосу C – көбірек катушка қосу

D – токты арттыру

  • Төмендегілердің қайсысы адам ағзасын суретке түсіру үшін магнит өрісін пайдаланады?

A – ЭСТ B – ПЭТ

C – МРТ

D – термография

Мұғалім дайын жауаптарды көрсетеді оқушы өзара бағалайды.

Оқушылар бір- біріне кері байланыс жасайды.

Магниттер және электромагниттер

http://phet.colorado.edu/en/simulation/magnets-and-electromagnets

Сабақтың соңы

37-40 мин

6) Рефлексия.

1. Бүгін мен білдім _________________

2. Мен үшін бүгінгі қиын болды ____________

3. Бүгін мен ойландым_______________

4. Болашақта есімде болуы керек _________________

5. Сабақта түсініксіз болды __________________

7) Үй тапсырмасы: Магнит өрісі. Электромагниттер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту.

Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу