Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


 1)Физикалық диктант

1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады.

2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар.

3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады.

4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар.

5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі.

6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады.

 

 2) «Сәйкестендіру» тапсырмасы

 

1

Магниттік өрістің 2 негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?

А) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.

2

Магнит өрісінің сызықтары деген не?

Ә)магнит тілшесінің осі деп аталады.

3

Магнит өрісі деген не?

Б)магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар.

4

Магниттің неше полюсі бар?

В)тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, алуға болады.

5

Тұрақтты магниттер

Г)оның электр тогына әсер етуінде, тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады.

6

Тұрақты магнитті қалай алуға болады?

Ғ)тұйықталады.

7

Магнит сызықтары магнит ішінде

Д)солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді.

8

Магнит сызықтары қалай бағытталады?

Е)өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материя түрі.

9

Магниттік аномалиялар

Ж)екі полюсі (N) солтүстік және оңтүстік (S)

10

Тілшенің ортасынан өтетін және оның полбстерін қосатын түзу

З)магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауының жергілікті магнит өрістерінің пайда болуы.

Зертханалық жұмыс №10. Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу

Жұмыстыӊ мақсаты: Электромагнитті жинау және оның әсерін бақылау.

Құрал- жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.

Жұмыс барысы:

1) Ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаӊдар;

2) Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғыныӊ магнит полюстерін анықтаӊдар;

3) Магнит тілшені 1600 орамы бар шарғыныӊ магнит өрісініӊ оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта (10 см) орналастырыңдар, зерттеу барысында қашықтықтың өзгеріп кетпеуін қадағалаңдар. 250 мА, мен 50 мА токтагы магнит тілінің күйін бақылаңдар.

Ток күші

Шарғының орам саны

Магнит тілінің күйі

250мА

1600

N

S

100мА

Қорытынды жасаңдар, шарғының магнит өрісі ондағы ток күшіне қалай тəуелді? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4) Тізбектегі ток 250 мА тең болғанша кернеуді үлкейтіңдер. 1600 орам саны бар шарғыны 400 орамы бар шарғыға ауыстырыңдар. Тізбекті тұйықтаңдар жəне магнит тілінің күйін бақылаңдар.

Ток күші

Шарғының орам саны

Магнит тілінің күйі

250мА

1600

400

Қорытынды жасаңдар,катушканың магнит өрісі ондағы орам санынан қалай тəуелді? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5) 1600 орамы бар шарғыға темір өзекшені(өзек) орналастырыңдар, магнит тілінің бұрылуын, осы 1600 орамдағы өзекшесіз шарғының магнит тілінің бұрылуымен өзара салыстырыңыздар. Өзекті шарғының магнит өрісін бақылаңдар.

Ток күші

Шарғының орам саны

Магнит тілінің күйі

250мА

1600 өзекшесіз

1600 өзекшемен

Қорытынды жасаңдар, шарғының магнит өрісі ондағы өзектің бар болуына қалай тəуелді? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұраққа жауап бер: Электромагнит деген не? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Физикалық диктант

1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады.

2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді.

3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады.

4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады.

5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.

6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу