Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Оқу мақсаты: 8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

 

Теориялық материал

 Соленоид (грек.solen - түтік және грек. іdos - түр) – ток жүретін оқшауланған сымнан оралған цилиндр тәрізді индуктивті орама.

 Соленоидтың ішкі қуысының орта бөлігінде (ұзындығы Соленоид диаметрінен едәуір үлкен) магнит өрісі соленоид осіне параллель бағытталады және біртекті әрі бұл өрістің кернеулігі ток күшін және орам санына пропорционал болады. Ішкі қуысында темір өзекшесі бар соленоид электрмагнит болып есептеледі.

 Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады. Практика тұрғысынан ең қызықты нәрсе – тогы бар шарғының магнит өрісі. Шарғының бір ұшы –солтүстік полюс деп саналады, сол ұшқа қарап тұрған бақылаушы үшін шарғы орамындағы ток сағат тіліне қарсы бағытта ағады. (а). Шарғының екінші жағы –оңтүстік полюс болады, бұл жерде ток орамды сағат тілі бағытымен айналып өтеді. (ә)

 

 

 

 Тогы бар шарғының магнит есебінде техникада кеңінен пайдаланылады. Мұндай шарғының қолайлы бір қасиеті – оның магниттік әсерін кең көлемде өзгертуге немесе күшейтуге, бәсеңдетуге болады.

 Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы электромагнит деп, ал шарғыға оралған сымдар электромагниттің орамасы деп аталады. Электромагнит – көптеген техникалық приборлардың негізгі детальдарының бірі. Электромагнит көбіне таға яғни доға тәрізді болады. Мұндай сызба нұсқа (115 суретте) көрсетілген.

 

 

 

 

 Электромагниттік реленің құрылысы:

 

 Тамаша қасиеттерінің арқасында электромагниттер техникада кеңінен қолданылады:

 Көтергіш күші үлкен электромагниттер заводтарда болаттан немесе шойыннан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ болат және шойын жоңқаларды, құймаларды тасымалдау үшін пайдаланылады.

 Электромагниттер телеграфта, телефонда және көптеген басқа да құрылғыларда қолданылады.

 Электромагнит — өзінен электр тогын өткізгенде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал.Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз.

 

 

 Техника қауіпсіздігі

  • Оқытушының айтқанын бұлжытпай орындаңдар, тәртіп сақтаңдар
  • Оқытушының рұқсатынсыз зертханалық жұмысқа кіріспеңдер.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен жақсылап танысып шығыңдар.
  • Шегемен жұмыс жасағанда абай болыңдар.
  • Электр тізбегіне токты тізбекті жинап болған мұғалімге тексертіп барып қосыңдар.
  • Жалғанған жерлерді қолмен ұстамаңдар. Тізбекке өзгеріс енгізетін болаңдар ток көзінен ажаратып жасаңдар.
  • Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар.

Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды

1)   Шарғының орам санын арттырсақ, магнит өрісі артады.

2)   Темір өзекше шарғының магниттік қасиетін күшейтеді.

3)   Ток күшін арттырсақ, магнит өрісі артады.

Бағалау критерийі

  • Оқушылар тізбекті дұрыс құрастырады.
  • арғының полюстарын дұрыс анықтайды.
  • Шарғының магниттік әсері шарғының орам санына қалай тәуелді екенін біледі.
  • Шарғының магниттік әсері ток күшіне калай тәуелді екенін біледі.
  • Шарғының магниттік әсері өзекшеге қалай тәуелді екенін біледі.

1) Физикалық диктант жауаптары

1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)

2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)

3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)

4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)

5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)

6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)

2) «Сәйкестендіру» тапсырмасының жауаптары

1

Магниттік өрістің 2 негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?

Г

А) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.

2

Магнит өрісінің сызықтары деген не?

Б

Ә)магнит тілшесінің осі деп аталады.

3

Магнит өрісі деген не?

Е

Б)магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар.

4

Магниттің неше полюсі бар?

Ж

В)тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, алуға болады.

5

Тұрақтты магниттер

А

Г)оның электр тогына әсер етуінде, тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады.

6

Тұрақты магнитті қалай алуға болады?

В

Ғ)тұйықталады.

7

Магнит сызықтары магнит ішінде

Ғ

Д)солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді.

8

Магнит сызықтары қалай бағытталады?

Д

Е)өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материя түрі.

9

Магниттік аномалиялар

З

Ж)екі полюсі (N) солтүстік және оңтүстік (S)

10

Тілшенің ортасынан өтетін және оның полбстерін қосатын түзу

Ә

З)магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауының жергілікті магнит өрістерінің пайда болуы.

 

 3) Физикалық дикатант жауаптары

1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. (соленоид)

2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді. (солтүстік, оңтүстік)

3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады. (оңтүстік, сағат тілі)

4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады. (электромагнит, электромагниттің орамасы)

5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.(таға)

6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады.( телеграфта, телефонда)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу