Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау». Физика, 8 сынып, презентация.


Электромагниттер және оларды қолдану.

 

№ 9 зертханалық жұмыс. «Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн бақылау»

Оқу мақсаты: Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;

Физикалық диктант жауаптары

1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)

2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)

3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)

4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)

5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)

6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)

“Сәйкестендіру” тапсырмасының жауаптары

Бұл сабақта біз тоғы бар соленоидтың (шарғының) магнит өрісімен танысатын боламыз.

Шарғының магниттік қасиетін оның магнит тілшесіне әсерінен білуге болады. Шарғыда кәдімгі тұрақты магниттер сияқты магнит өрісі болады. Оның полюстерін оң бұрғы ережесімен анықтаймыз.

Ой қозғау

Шарғының магниттік қасиетін қалай арттырамыз?

Зертханалық жұмыс

Техника қауіпсіздігі

Оқытушының айтқанын бұлжытпай орындаңдар, тәртіп сақтаңдар

Оқытушының рұқсатынсыз зертханалық жұмысқа кіріспеңдер.

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен жақсылап танысып шығыңдар.

Шегемен жұмыс жасағанда абай болыңдар.

Электр тізбегіне токты тізбекті жинап болған мұғалімге тексертіп барып қосыңдар.

Жалғанған жерлерді қолмен ұстамаңдар. Тізбекке өзгеріс енгізетін болаңдар ток көзінен ажаратып жасаңдар.

Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар.

Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды

1)   Шарғының орам санын арттырсақ, магнит өрісі артады.

2)   Темір өзекше шарғының магниттік қасиетін күшейтеді.

3)   Ток күшін арттырсақ, магнит өрісі артады.

Физикалық диктант жауаптары

1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. (соленоид)

2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді. (солтүстік, оңтүстік)

3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады. (оңтүстік, сағат тілі)

4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады. (электромагнит, электромагниттің орамасы)

5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.(таға)

6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады.( телеграфта, телефонда)

 

Бағалау критерийі

Оқушылар тізбекті дұрыс құрастырады.

Шарғының полюстарын дұрыс анықтайды.

Шарғының магниттік әсері шарғының орам санына қалай тәуелді екенін біледі.

Шарғының магниттік әсері ток күшіне калай тәуелді екенін біледі.

Шарғының магниттік әсері өзекшеге қалай тәуелді екенін біледі.

 

 

Қарапайым электромагнит

Өзің жасап көр

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу