Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы). Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімніаты-жөні:
  • Сынып: 8
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.18 – сұйықтардағы электр тогын сипаттау.

Сабақ мақсаттары

  • электролиз, электролиттік диссоциация ұғымдарын түсіну;
  • сұйықтардағы электр тогының пайда болу құбылысын толығымен сипаттау;
  • электролиздің қолданылуына мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

  • Электролиз, электролит және электролиттік диссоциация ұғымдарын біледі
  • Электрлиттегі электр тогын пайда болу принципін түсінеді
  • Электролиз процесін сипаттайды.
  • Электролиздің қолдануына сипаттама береді.
  • Фарадей заңын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электролиттік диссоциация, электролиз, иондық өткізгіштік, электролит, катиондар және аниондар, электролиз заңы, заттың электрохимиялық эквиваленті.

қазақша

орысша

ағылшынша

circuit

электр тізбегі

электрическая цепь

current

электр тоғы

Электрический ток

Әр түрлі ортадағы электр тогы

Электрический ток различных средах

Electric Current in Different Media

Сұйықтардағы электр тогы

Электрический ток в жидкостях

Electric Current in Liquids (Electrolytes)

Газдардағы электр тогы

Электрическийтоквгазах

Electric Current in Gases

электролиз

электролиз

Electrolysis

электролит

электролит

Electrolyte

анод

анод

anode

катод

катод

cathode

Теріс және оң иондар

Отрицательные и положительные ионы

Negative and positive ions

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Электролит электр тогын ...

Сұйықтардың өткізгіштігі ...

Электролиттің кедергісі ...

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Электролизді зерттеу барысында химия пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Электр қыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

1) Оқушыларға суреттер қиықтары таратылады. Сол суреттер бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі.

2) Activity «Word clouds»

Оқушыларға әр түрлі сөздермен сөз тіркестері сөздер бұлтында беріледі. Топтар осы сөздер мен сөз тіркестерін тауып, әр таңдап алынған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып береді.

Презентация

https://worditout.com/word-cloud/create

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-20 мин

20-30 мин

30-38 мин

3) Оқушылар зерттеу дағдысын дамыту үшін өздеріне берілген құралдармен жұмыс жасайды.

Берілген құралдар: ток көзі, электр шамы, кілт, электрод, әр түрлі сұйықтар

Мақсат: Қандай заттар электр тогын өткізеді?

Алдарындағы берілген үлгілер салынған стаканға электродты орналастырайық. Берілген құралдардан тізбектелген тізбек құрайық. Ток көзін косыңдар. Кілтті тұйықтаңдар. Берілген заттар мен ертінділердің ток өткізгіштігі туралы қорытынды шығарыңдар.

Оқушылар берілген кестені толтырады

Заттар

Шам жанадыма, әлде шам жанбайды ма

қорытынды

1топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ерітіндісі, лимон қышқылының ертіндісі, ас содасының судағы ертіндісі таза су, крандағы су

2 топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ертіндісі, кока- кола, ас содасының судағы ертіндісі таза су,крандағы су

3 топ: тұз кесегі, тұз ерітіндісі, қант, қант ерітіндісі, алма шырыны, ас содасының судағы ерітіндісі таза су,крандағы су

Топ оқушылары өздерінің қорытындысын ортаға салады. Сонымен қатар, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Жалпылама талқылауға арналған жетелеу сұрақтары.

  •  Қалай ойлайсыздар, неліктен тұз кристалы ток өткізбейді. Таза суда ток өткізбейді. Бірақ тұз ерітілген су ток өткізеді?
  •  Осы құбылысты молекулалық құрылым бойынша қалай түсіндіруге болады?
  •  Электр тогы дегеніміз не?
  •  Электр тогы бар болуы үшін қандай шарттар орындалуы тиіс?
  •  Сұйықтардың өткізгіш болуына не себеп болып тұр?

Талдау жасалғаннан кейін, теориялық мағлұмат беріледі.

4) Түсідіру. Электр тогын өткізетін ертінділер мен заттар электролит деп аталады.

Заряд тасушылары тек қана иондар болып табылатын сұйық өткізгіш электролит деп аталады.

Қорытынды:ерітіндіде судың полярлы молекулаларымен еркін заряд тасушылары оң және теріс иондар қоршап алады.

Еріткіштін әсерінен заттың молекуласының иондарға жіктелуі электролиттік диссоциация деп аталады.

Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда заттың бөлініп шығу процесі электролиз деп аталады.

Электролит құйылған электродтары бар ыдыс электролиттік ванна деп аталады.

Ертіндіндідегі оң иондар катиондар (себебі олар электролиз кезінде катодқа тартылады) ал теріс иондарды аниондар деп атайды.

Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ертінді арқылы өтетін электр мөлшеріне тура пропорционал

к-заттың электрохимиялық эквиваленті

Электролиздің қолданылуы:

  • Гальваностегия (никелдеу, күмістеу, хромдау);
  • Гальванопластика, жапқышқа баттаралу (рельефтік көшірмелер);
  • Оттегі және сутегі алудың өндірістік тәсілі;
  • Рудадан балқытылып алынған металдарды қоспалардан тазарту;
  • Жазық беттерді электрлік тегістеу

5) Сабақты бекіту. Оқушылар электролиз заңын қолданып есептер шығарады

  • Алтынның электрохимиялық эквиваленті 6,81*10-7 кг/Кл.

Бұл сан нені білдіреді?

2. Электролит арқылы 1,5 А ток өткенде 5 мин ішінде катодта

137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?

  • Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде 6г мыс

бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай болады?

4. Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5А токты

пайдаланады. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері

жұмсалады?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Электролиз заңын қолданады

-Электрохимиялық эквивалентті сипаттайды

-Электрохимиялық эквивалентті анықтайды

-Токтың күшін анықтайды

-Күмістің массасын анықтайды

Бағалауды басқа жұп оқушылары жасайды. Оқушыларда өзара бағалау жүзеге асырылады. Оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды.

Видео көрсету:

Электролиз :

https://www.youtube.com/watch?v=k4u8Wy8ZWeA

Электролиз:

https://www.youtube.com/watch?v=TjfTYmVQn5c

Сабақтың соңы 38-40 мин

Үй тапсырмасы: «Физика және астрономия» «Сұйықтардағы электр тогы»

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»; оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

  • нені білдім, нені үйрендім
  • - нені толық түсінбедім
  • немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу