![]() |
|
![]() |
Электр тізбектері. Өткізгіштерді параллель жалғау. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
|
| |||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | .3В Өткізгіштерді жалғау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электр тізбектері. Өткізгіштерді параллель жалғау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты | 8.4.3.2 - электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану және олардың қызметін түсіндіру; 8.4.3.11 - эксперимент арқылы өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: - электр тізбегіндегі элементтер туралы ауызша айтады және олардың қолданылуларын салыстырып, түсіндіреді; - өлшеу нәтижелеріне өзара талдау жасайды; - тізбектердің жалғану түрлерін сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда ........ мәні бірдей болады. Өткізгіштерді ........ жалғау кезінде олардың ұшына түсірілген ...... ....... мәні тең болады. Өткізгіштер тізбектей жалғанса, жалпы ...... әр өткізгіш ......... қосындысына тең болады. Өткізгіштер ....... жалғанса, тізбектің кедергісі ....... (артады, кемиді) Если проводники соединены параллельно/последовательно, то значения напряжения/силы ток в них будет одинаковым. Общее сопротивление на концах проводников равна сумме сопротивлений на каждом проводнике для последовательного соединения. При параллельном соединении проводников общее сопротивление цепи увеличивается/уменьшается. If the conductors are connected in a parallel/consecutive way, the values of the current strength/voltage in them will be the same. The total resistance at the ends of conductors equals the sum of resistance on each conductor for consecutive connection. In case of parallel connection of conductors, the total circuit resistance increases/decreases. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау; Коммуникативті дағдыларын жетілдіру. Серіктесткік, ашықтық, бүкіл өмір бойы оқу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Энергияны сақтау, энергияның жаңартылатын көздері. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Қарапайым электр құралдарын жөндеу, электр сызбаларын оқу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Радиоэлектроника. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар Ом заңын және оның физикалық мағынасын біледі, қарапайым тізбектерді жинай алады, тізбек элементтерінің сызбалық кескінін біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||
сабақтың басы 1-3 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеп, жаңа сабақтың тақырыбымен; оқу мақсатымен; бағалау критерийімен таныстыру. | 1-2 слайдтар | |||||||||||||||||||||||||||||
сабақтың ортасы 3-13 мин 14-20 мин 21-37 мин | (W) Білімдерді негіздеу. Электр тізбегі деген не? •Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны. •Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады. •Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды. •Электр тізбектерінің сызбасы – электр тізбегінің графикалық кескіні. •Электр тізбегінің негізгі бөліктері:
Электр тізбегінің тармағы – бір ток өтетін тізбек бөлігі. Тармақ бір немесе бірнеше тізбектей қосылған элементтерден тұрады. Электр тізбегінің түйіні – үш немесе одан да көп өткізгіштің біріккен жері. Түйінге кіретін ток – оң (+I), ал түйіннен шығатын ток - теріс (-I) деп алу қабылданған. Контур – бірнеше тармақтар арқылы өтетін, кез келген тұйықталған бөлік. (G) Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару. Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр. Параллель жалғаудың заңдылықтарын шығару. Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр. (W) Жаңа материалды меңгеру. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ұғымын енгізу. (W) Жұмыс нәтижелерін талдау және өткізгіштерді параллель және тізбектей, аралас заңдылықтарын жазу. Есептерді шығару алгоритмі. (I/W) Бекіту. Есептер шығару. Дескрипторлары:
| 3 слайд 14слайд 15-26 слайдтар Қосымша 2 27-30 слайдтар 31-37 слайдтар Қосымша 3 | |||||||||||||||||||||||||||||
сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия «екі жұлдыз, бір тілек» | 38 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | Оқулық бойынша 8.4-8.6 тақырыптарын қайталау. | 39 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау | Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023