Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1 – Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Броун тәжірибесін сипаттау;
  • молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
  • диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.

Бағалау критерийлері

1. Броун тәжірибесін сипаттайды;

2. молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре алады;

3. диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Броун тәжірибесін ауызша сипаттау. Молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін және диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде ауызша түсіндіру

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диффузия, Броундық қозғалыс, жылулық қозғалыс....

Қысым, температура........

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Диффузия дегеніміз ........

Броундық қозғалыс деп ...........

Жылулық қозғалыс деп ........

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен байланыс, затттың құрылысын қарастырғанда заттың өте ұсақ бөлшектерден тұратынын дәлелдеу.

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта химия пәнінен заттың құрылысын қарастырған. Оқушылар "молекула" ,"атом" ұғымдарын білуі тиіс. Бар білімдерін жандандыру сұрақ- жауап арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10 мин

10-13 мин

1. 7.4.1.2 "Заттар атомдар мен молекулалардан түзілетінін білу" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта химия пәнінен алған білімдерін еске түсіреді. Заттың құрылысын еске түсіру мақсатында видео көрсетіледі.

Оқушылар МКТ негізгі үш қағидасын тұжырымдайды:

  • Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
  • Дене бөлшектері үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады.
  • Ол бөлшектер өзара әрекеттеседі, бір-біріне тартылады немесе бір-бірінен тебіледі.

Бағалау критерийлері:

Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.

МКТ негізгі үш қағидасын дұрыс тұжырымдайды.

Мүғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.

2. Ой қозғау.

Неліктен әтір иісі бөлмеге тез тарайды? Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Әтір немесе басқа заттардың иісінің таралуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден-бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • Броун тәжірибесін сипаттау;
  • молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
  • диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.

Видео көрсетілім

«Эдисон физикасы» Казtube БІЛІМ сайты

(қосымша 1)

Сабақтың ортасы

13-18 мин

18-23 мин

23-33 мин

33-35 мин

35-38 мин

4. Түсіндіру. а) Мұғалім Броундық қозғалысқа

видео фрагмент көрсетеді, содан соң оқушыларға сұрақтар жазылған парақшалар беріледі.

1. Зат бөлшектерінің қозғалысы неден тәуелді?

2. Броундық қозғалыстың себептері қандай?

3. Броундық қозғалыс теориясын қашан және кім құрды?

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, броундық қозғалысты түсіндіреді.

b) Мұғалім Диффузия құбылысына видео фрагмент көрсетеді. Оқушылар диффузия құбылысы қандай ортада жүретінін және неліктен жылдам немесе баяу жүретіні жайлы ақпарат алады.

с) Мұғалім демонстрациялық тәжірибе көрсетеді. Үлкен мөлдір шыны ыдысқа жылы су құйып, оған перманганат калий ұнтағының өте аз мөлшерін салып сұйықтағы диффузия құбылысын бақылайды. Оқушылардың дәлелді тұжырымдамаларын тыңдауға болады.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, диффузия құбылысын түсіндіреді.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар (Қосымша 4 және Қосымша 5) тапсырмаларды орындау үшін жоғарыдағы алған білімдерін қолданады.

Бағалау критерийлері:

1. МКТ негізгі қағидаларын қолданады.

2. Зат құрылысын біледі, түсіндіреді.

3. Диффузия құбылысы арқылы түсіндіреді.

4. Құбылысты броундық қозғалыс негізінде түсіндіреді

Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.

6. Жетістікті бағалау.

Оқушылар стикерге/ауызша бүгінгі сабақта түсініксіз болған ақпаратты жазады/айтады. Қиындықтар туындамаған жағдайда оқушылар осы тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

Видео көрсетілім

«Броундық қозғалыс»

(қосымша 2)

Видео көрсетілім

«Диффузия» (қосымша 3)

Қосымша 4

Ашық тест

Қосымша 5

ҚБ

Сабақтың соңы

39-40

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма: Броундық қозғалыс. Диффузия тақырыбын оқу

Кері байланыс парақтары

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көме көрсету. Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.

8.3.1.1 "Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау" оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалау. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы бағалау. Оқу мақсаттарына жетуді бағалау.

Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу