![]() |
|
![]() |
Ай – Жердің табиғи серігі. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
|
| ||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 7.4С Ғарыш және Жер | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ай – Жердің табиғи серігі | |||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты | 7.7.1.4 - Ай фазасын білу, оның Жер маңында айналуын және Жерге әсерін сипаттау | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| |||||||||||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық, академиялық адалдық | |||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | 2021 жылдың 12 сәуірінде Ю.А. Гагариннің алғашқы болып ғарыш кеңістігін бағындырғанына 60 жыл толды. | |||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Күн мен Айдың Жерге қатысты орналасуының өзгеруі және олардың тартылыс күштерінің мұхитқа әсер етуі салдарынан табиғатта судың толысуы мен қайтуы құбылыстары байқалады | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, жаратылыстану, тарих | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Күн жүйесі. Күнтізбе | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақ басы | (W)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақ-саттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. | презентация | ||||||||||||||||
Ай (лат. luna) — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км. (W) Тарихқы шолу (5 мин) Айды зерттеу. Айға “Луна”, “Зонд”, “Рейнджер”, “Сервейер”, “Лунар Орбитер” және адам басқаратын “Аполло” планетааралық автоматты кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 жылы 21 шілдеде қадам басты (Н.Армстронг, Америка Құрама Штаты). Айда 1969-1972 жылдары 12 астронавт ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізді. Ай фазаларының ауысуы Айдың қара шары орбита бойымен қозғалған кезде оны Күннің жарықтандыру шарттарының өзгеруімен шартталған Ай фазалары – аспандағы Айдың жарықтандыру күйінің периодты өзгеріп отыруы. Айдың негізгі төрт фазасы бар: Жаңа ай. Бірінші ширек Толық ай Соңғы ширек Бірінші ширекті соңғы ширектен ажырату үшін солтүстік шарты шарда тұрған бақылаушы келесі мнемоникалық ережелерді қолдана алады.
Айдың Жерге әсері Судың толысуы мен қайтуы – бұл күніне бір немесе екі рет болатын мұхит (немесе теңіз) деңгейінің периодты түрде өзгеретін тербелісі. Бұл құбылыстар - Күн мен Айдың Жерге қатысты орналасуының өзгеруі және олардың тартылыс күштерінің мұхитқа әсер етуі салдарынан болады Ай күнтізбесі Тапсырмалар Дескрипторлары:
Бағалау: мұғалім тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға бағыт беріп отырады; Дифференциация: тапсырмаларды жылдам орындаған оқушыларға мұғалім қосымша тапсырмаларды бере алады | Тапсырмалар | |||||||||||||||||
4 мин | Рефлексия
| презентация | ||||||||||||||||
Үй жұмысы | Оқулық бойынша өтілген материалды қайталау | |||||||||||||||||
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау | Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. | |||||||||||||||||
Қорытынды бағалау ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023