алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ай – Жердің табиғи серігі. Физика, 7 сынып, презентация.


Жер серігі – Ай

Оқу мақсаттары:

7.7.1.4 - Ай фазасын білу, оның Жер маңында айналуын және Жерге әсерін сипаттау

Бағалау критерийлері:

Ай фазаларын біледі;

Айдың Жерді айналуын түсіндіреді;

Айдың Жерге әсерін сипаттайды

Жер серігі - Ай

Ай (лат.Латын тілі luna) — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км.

Айды зерттеу. Айға “Луна”, “Зонд”, “Рейнджер”, “Сервейер”, “Лунар Орбитержәне адам басқаратынАполлопланетааралық автоматты кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 жылы 21 шілдеде қадам басты (Н.Армстронг, Америка Құрама Штаты). Айда 1969-1972 жылдары 12 астронавт ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізді.

Ай өзі жарқырамайды, біз оны ол Күнмен жарықталғанда ғана көре аламыз. Егер Айға бақылау жасасақ, Ай әрқашан бізге әртүрлі көрінеді. Біресе орақ болса, біресе шар болады.

Олардың ұштары кейде бір жаққа, кейде екінші жаққа қарап тұрады.

Ай фазаларының ауысуы

Айдың қара шары орбита бойымен қозғалған кезде оны Күннің жарықтандыру шарттарының өзгеруімен шартталған.

Ай фазалары – аспандағы Айдың жарықтандыру күйінің периодты өзгеріп отыруы.

Айдың негізгі төрт фазасы бар:

Жаңа ай.

Бірінші ширек

Толық ай

Соңғы ширек

Жер бетінен Айдың жарқыраған бөлігінің көрінуі ай фазасы деп аталады.

Ай фазасының төрт түрі бар:

1. жаңа Ай, (Айды көрмеген кезде).

2. бірінші ширек (Айдың жартысын көрген кезде)

3. толған Ай

4. Соңғы ширек (Айдың жартысын көрген кезде)

Айдың негізгі 4 фазасы

Жаңа ай

Айдың толуы

Айдың қайтуы

Бірінші ширек

Айдың толуы

Толған ай

Айдың кемуі

Соңғы ширек

Жаңа айдан толық айға дейін екі апта өтеді. Айдың қайтуына да сонша уақыт кетеді.

Яғни толық ай циклы – 27 тәулік.

Ай Жерді толығымен айналып шығуға 27,3 тәулік уақыт кетеді(сидерический месяц). Өз осінен айналу периоды да 27,3 тәу. тең. Сол үшін Жерге тек бір жағымен көрінеді.

Бірінші ширекті соңғы ширектен ажырату үшін солтүстік шарты шарда тұрған бақылаушы келесі мнемоникалық ережелерді қолдана алады.

Егер ай орағы «С» әрпіне ұқсаса, онда бұл «стареющая», яғни «ескі», сондықтан бұл соңғы ширек.

Ал егер ол кері бағытта болса, онда ойша оған таяқты қойсақ «Р» әрпі, яғни «растущая», «өсетін», яғни бұл бірінші ширек.

Экваторға жақын маңда ай басқаша көрінеді. Берілген тәсіл ай фазаларын анықтау үшін келмейді. Оңтүстік жартышарда ай фазалары кері бағытта жүреді.

“Судың көтірілуі мен қайтуы”

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-moon-and-spring-tides

Айдың Жерге әсері

Приливы и отливы

Судың толысуы мен қайтуы бұл күніне бір немесе екі рет болатын мұхит (немесе теңіз) деңгейінің периодты түрде өзгеретін тербелісі.

Бұл құбылыстар - Күн мен Айдың Жерге қатысты орналасуының өзгеруі және олардың тартылыс күштерінің мұхитқа әсер етуі салдарынан болады.

Ай күнтізбесі

Тапсырмалар:

Күн жүйесінде қанша планета бар? Планеталар қатарын ретімен жазыңыз.

Күн жүйесіндегі планеталар қандай топтарға біріктірілген? Әр топтағы планеталарды көрсетіңіз

Тапсырмалар:

2. Күн – Жер және Жер – Ай қозғалысын сипаттаңыз:

Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз:

Тәулік – ...

Ай – ...

Жыл – ...

Тапсырмалар:

3. Жыл мезгілдерінің ауысуы

Жыл мезгілдерінің ауысуының негізгі себебі не?

Ең ұзын түн жылдың қай мезгілінде байқалады?

Күн мен түннің теңелу уақыттарын жазыңыз.

Тапсырмалар:

4. Күн мен Ай қозғалысы негізінде Күн тұтылу және Ай тұтылу құбылыстарын суретте көрсетіңіз

Тапсырмалар:

5. Ай – Жердің табиғи серігі

04.05 күні аспанда Ай келесі фазада көрінеді.

12 сағат өткеннен кейін бұл көріністе қандай өзгеріс болады?

14 күн өткеннен кейін ше?

Рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы