![]() |
|
![]() |
Механикалық жұмыс. Қуат. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Есептер шығару
Механикалық жұмыс.
Дескрипторлары:
- Есептің қысқаша берілгенін жазады;
- Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
- Қажетті формуланы қолданады;
- Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
- Есептің жауабын көрсетеді.
- Массасы 0,4 кг құс 70 м биіктікке көтерілді. Құсты көтерген күштің жұмысын табыңыз.
- Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22,5 кДж жұмыс жасады. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілген?
- 48 Дж жұмыс жасай отырып, денені 120 см биіктікке көтерген болса, осы дененің салмағы қандай? Массасы ше?
- 0,8 км жолда 200 кДж жұмыс қандай күштің әсерінен орындалған?
- Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин, 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 242 кг зілтемірді 2,1 м биіктікке көтеріп жаңа Әлемдік Рекорд орнатқан болатын. a) оның атқарған жұмысын анықта; b) егер Ильяның бойы ұзынырақ болса, ол атқарған жұмыс қалай өзгерер еді?
- Массасы 45 кг оқушы үйдің 7-қабатына алдымен баспалдақпен, содан соң лифтпен көтерілді. Екі жағдайдағы оқушының жасаған жұмыстарын салыстырыңыз. Әр қабаттың биіктігі 3 м-ге тең.
Қуат
- Қуаты 5 кВт қозғалтқыш 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді?
- Тарту күші 50 кН электровоз 2 сағ бойы бірқалыпты 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Оның атқарған жұмысын анықтаңыз. Электровоз қуаты қандай?
- Көлемі 4,5 м3 суды 5 минутта 5 м биіктікке көтеретін насостың орташа қуатын анықтаңыз
- Кран массасы 2 т жүкті 10 м биіктікке 40 с-та көтерді. Кран атқарған жұмысты және оның қуатын есептеңіз.
- Қуаты 3 МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды (состав) тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бірқалыпты өтуі үшін қанша уақыт қажет?
- 2008 жылғы Бейджинг олимпиада ойындарында ресейлік Андрей Сильнов 2 м 36 см биіктікке секірген болатын. Оның секіру ұзақтығы 0,3 с-ке созылды. Егер спортсменнің массасы 67 кг екенін білсек, ол секіру кезінде қандай қуат өндірген?
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023