Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғаты. Зертханалық жұмыс №11 Сұйық пен газдардағы кері итеруші күшті зерттеу. (жоспарлау, эксперимент). Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 В Қатты заттардағы , сұйықтардағы және газдардағы қысым

Мектеп: НЗМ ДББҰ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғаты.

Зертханалық жұмыс №11 Сұйық пен газдардағы кері итеруші күшті зерттеу. (жоспарлау, эксперимент)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.4 сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

7-сынып оқушылары сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсінуге ұсынылған тапсырманың 80 % жүзеге асыра алады.

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

Білімді қолдану

Сыни тұрғыдан ойлану

Екі диаграмма а) сұйықтықтағы немесе газдағы бөлшектің кинетикалық энергия әсерінен көтеру күш бар екендігі б) жоғары және төмен бағытталған күштердің теңесетініне түсініктеме береді және түсіндіреді.

Итеріп шығару күші ұғымын біледі;

тәжірибелік есептерді шешу үшін Архимед заңы туралы білімін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Кері итеруші күш, сұйықтардың тығыздығы, жүзу, бату, қалқу

Архимед күші

 Құндылықтарды

 дарыту

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру, игерген білімді өмірде қолдану

 Пәнаралық

 байланыстар

Белгісіз шаманы табу, екі шама арасындағы тәуелділікті тұрғызу

( математика, геометрия )

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, электрондық оқулық

Бастапқы білім

Шамалар мен олардың бірліктерін білу

Сұйықтардың қысымы, сұйықтардың қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

Қысым , қысымды өзгерту жолдары бойынша білімдерін қайталау

W .Сұйықтар мен газдардағы, қатты денелердегі қысымды өзгерту жолдарын анықтау.

https://www.youtube.com/watch?v=kmWLebc71XM

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-40 мин

40-65 мин

65-75 мин

Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау (электронды оқулық)

Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)

1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g

Vд=V2-V1 V1-судың бастапқы көлемі, V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар

7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу

Жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, шыққан қорытындыны тұжырымдай білуге үйретемін.

Тәжірибе реті

Дененің көлемі, vд , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

Ро, Н

Дененің ауадағы салмағы Р, Н

Сұйықтықтағы дене салмағы

Р1, Н

Ығыстырушы күш

Fы = Р- Р1, Н

Оқушылар зертханалық жұмысты жасап болған соң өздері қорытынды жасаулары тиіс.

Қорытынды:

Ығыстырушы күш, дене ығыстырып шығарған судың салмағына тең

Сұйықтыққа салынған денеге кері итеруші күш әсер етеді

2-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;

Жұмыстың барысы:

  • Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;
  • Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

Әр топ өздері тәжірибені қорытындылап, ортаға шығып нәтижесін түсіндіреді.

  • Барлық топты тыңдап болған соң оқушылар ығыстырушы күш қандай физикалық шамаларға тәуелді, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды.
  • Дұрыс қорытынды жасағандарды оқушылар өздері бағалайды;

Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жүргізу.

Есептер шығару (Жеке жұмыс)

  • Мәрмәр және мыс кесектерінің массалары тең. Олардың қайсысын суда көтеру оңайырақ? Өз ойыңызды дәлелдеп, толық жазыңыз.

;

  • Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін кері ығыстырушы күшті салыстырыңдар.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

75-80 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Бүгінгі сабақта мен не жасай алдым?

Бүгінгі сабақта не жасай алмадым?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау

Сергіту жаттығылары оқушылардың көз жаттығуларын орындату

Гимнастика для глаз по Норбекову

https://www.youtube.com/watch?v=pjnMgshSBCI

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу