Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2.5. Сұйықтар мен газдардың механикасы | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындар | |
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындарды сипаттау; | |
Сабақ мақсаттары | Барлығы: Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындарды сипаттай алады. Көпшілігі: Ламинар және турбулентті ағындарды сипаттау арқылы идеал және реал сұйықтытардың қасиеттерін түсіндіре алады. Үзіліссіздік теңдеуін қорыта алады. Кейбіреуі: Идеал және реал сұйықтардың қасиеттерін «сұйықтың тұтқырлығы» түсінігі арқалы түсіндіре алады, өмірден мысалдар келтіре алады. | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Идеал сұйық, реал немесе нақты сұйық, ламинар, турбулентті ағындар, ағын түтігі, ағын сызықтары, сұйықтың тұтқырлығы. Диалог және жазу үшін пайдалы фразалар: Идеал сұйық дегеніміз –сығылмайтын, тұтқырлық коэффициенті нөлге тең сұйықтық. Реал немесе нақты сұйық дегеніміз-тұтқырлық коэффициенті нөлге тең емес, сығыла алатын, өмірде кездесетін сұйық. Тұтқырлық коэффициенті дегеніміз-сұйықтықтың оның ағуына кедергі жасау қабілеті, оның мәні сұйықтың тегіне және оның температурасына тәуелді. | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық және бірігіп жұмыс жасай алу. | |
Пәнаралық байланыстар | Биология, география, математика | |
АКТ қолдану дағдылары | Электрондық оқу құралдарымен жұмыс | |
Бастапқы білім
| 5-сынып. Жаратылыстану | |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
2 мин 7 мин 5 минут 10 минут 5 мин 7 минут 7 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқу мақсаттарымен және сабақтың мақсаттарымен таныстыру. Демонстрациялық тәжірибе Төрт түрлі сұйық бірдей пластикалық ыдыстарға құйылған. Шариктің сұйық бойымен қозғалысының уақытын өлшеу арқылы оқушылар неліктен осы өлшенген уақыттың әр түрлі екендігін түсіндіреді. Тәжірибе нәтижелерін талқылау
W Жаңа ұғымдарды түсіндіру (слайдтар бойынша)
Ламинар және турбулентті ағыстарды сипаттау (13-14 слайдтар) Сұрақ (15 слайд) бойынша Анимацияда қандай ағын түрлері көрсетілген? Бөгетке кездескен соң ағын өзгере ма? Жауапты тексеру (16 слайд) бойынша: Анимацияда ламинарлы ағындар көрсетілген. Бөгеттен өткен соң ағын өзінің алғашқы қалпына қайтып келеді. Жұмыс парақшасы бойынша тапсырмалар орындау (демонстрациялық тәжірибелер бойынша) Парақшалар алдын ала таратылады, тәжірибе жасалып болған соң оқушылар жұмыс парақшаларын толтырады D Демонстрациялық тәжірибе 2.Ағын жылдамдығын өзгерте отырып, ламинар және турбулентті ағыс жасаңыз. Ағын дыбысының өзгерісіне көңіл аударыңыз. D Демонстрациялық тәжірибе 3. Май шамды тұтатып, оны сөндіргеннен соң, ламинар және турбулентті түтін ағынын бақылаңыз. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені түсінбей қалдым? - нені білгім келеді? | Презентация Әр түрлі сұйық құйылған ыдыстар, шариктер Сынып бөлмесіндегі су ағызатын кран Балауыз шамы немесе май шам Бағалау парақшалары | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру