![]() |
|
![]() |
Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғаты. Зертханалық жұмыс №11 Сұйық пен газдардағы кері итеруші күшті зерттеу. (жоспарлау, эксперимент). Физика, 7 сынып, презентация.
Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғаты.
Зертханалық жұмыс №11 Сұйық пен газдардағы кері итеруші күшті зерттеу. (жоспарлау, эксперимент)
7.3.1.4 сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің
табиғатын түсіндіру;
Сабақтың мақсаты
Судың тығыздығы – плотность воды - density of water
Кері итеруші күш – Выталкивающая сила - buoyant force
Дененің көлемі – Объем тела - volume of the body
Зертханалық жұмыс.
Сұйық пен газдардағы кері итеруші күшті зерттеу.
Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)
1-тапсырма: су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу
Жұмыстың барысы:
1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау
2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g
Vд=V2-V1 V1-судың бастапқы көлемі
V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі
3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?
4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?
5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.
6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар
7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу
2-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру
Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;
Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
Рефлексия
Үй тапсырмасы:
Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру 26 - жаттығу
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023