Қатты дене қысымы. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 A, 7 B, 7 C

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

25.01

Жусупбекова А.Е.

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

Токушев Б.Т.

____________________

« »______20__ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3В Қатты дене, сұйық және газ қысымы

Сабақ тақырыбы

Қатты дене қысымы.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

7.3.1.1 – қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;

7.1.1.5 – сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);

газ қысымы бейберекет қозғалатын молекулалардың соқтығысуларына негізделенетінін түсіндіруі

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Қысым ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;
  • Қысым формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Табиғаттағы қысымды арттыруға/кемітуге қажетті мысалдар келтіреді;
  • Физикалық шамалардың үлкен және кіші мәндерін префикстер арқылы (керісінше) жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Русский

English

Қысым

Давление

Pressure

Аудан

Площадь

Area

Күш

Сила

Force

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қатты заттардағы қысым …

Кысым артады /азаяды …

Басқа физикалық шамалар сияқты қысымның да өлшем бірлігі …. болады.

Құндылықтар

Сыйластық қасиеттерін дамыту (бір-бірінің ойын тыңдау);

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Қысымның өлшемі француз физигі, философы, математигі Блез Паскальдің құрметіне берілген

Өмірмен байланыс

Кез келген дене өзі тұрған бетке қысым түсіреді

Пәнаралық байланыс

Математика: Үлкен және кіші сандарды стандарт түрде жазу

Алдыңғы білім

Күш түрлері, үйкеліс күші

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

1сабақ

1-3 мин

  •  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін таныстыру. Сабақ барысында қолданылатын терминологиялық сөздікке назар аудару.
  •  Starter. Жұмбақты шешу

Острым носом все приколет:

Лист к доске, плакат к стене.

Очень нужная как в школе,

Так и даже дома, мне.

(концелярская кнопка)

Сабақты жұмбақтың шешуімен байланыстырыңыз.

презентация

4-10 мин

11-15 мин

16-19 мин

(W) Жаңа білім: Неліктен қалың қар бетінде адамның жүруі қиынырақ та, шаңғымен жүру оңайырақ?

Күтілетін жауап: себебі адамның Жерге түсіретін қысым күші (салмағы) барлық шаңғы ауданына жайыла таралады.

Бағалау: мұғалім оқушылардың ойын жүйелеуге көмек көрсетеді; бағыт беріп отырады.

Қысым деп бірлік ауданға перпендикуляр түсірілген күш әрекетін сипаттайтын физикалық скаляр шаманы айтамыз.

Өлшем бірлігі [Па]

Қысым күші – бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күш, көбіне ол дене салмағы болады.

(Е) Ойша эксперимент. Қай жағдайда көбірек қысым түсіріледі?

Оқушыларға өз жауабын түсіндіруді сұраңыз. Және олардың жауабын дұрыс жаққа бағыттаңыз.

Қорытынды:

Қысымды азайту үшін

  • Күшті кеміту керек
  • Күш әсер ететін беттің ауданның үлкейту керек.

Қысымды көбейту үшін

  • Күшті көбейту керек
  • Күш әсер ететін беттің ауданның кішірейту керек.

Дифференциация: оқушылар құралдармен жұмыс жасай отырып, қысымның бет ауданына тәуелділігін зерттейді.

Бағалау: мұғалім оқушардың жұмысына баға беріп отырады; қажет жағдайда консультациялық көмек көрсетеді.

(І) Бекіту тапсырмалары:

  • Егер дененің бетке түсіретін күшін 4 есе арттырсақ, онда қысымы ....
  • Егер дене табанының ауданын 3 есе арттырсақ, онда бетке түсрілетін қысым ...
  • Егер дененің массасын 2 есе азайтсақ, оның бетке түсіретін қысымы ... , себебі ...
  • Егер дене массасын 2 есе азайтып, ал ауданын 2 есе арттырсақ, онда оның бетке түсіретін қысымы ....

Презентация

презентация

20-23 мин

А) Ашық сұрақтарға жауап:

  • Қандай күрекпен жер қазу оңай ?
  • Тақтайша балаға қандай көмек беруі мүмкін?
  • Неліктен тракторлар мен вездеходтардың шынжыры үлкен?

В) Берілген фигуралардың қайсысы бетке ең көп қысым түсіреді? Қайсысы ең аз қысым түсіреді? Түсіндіріңіз

Бағалау: мұғалім оқушыларды формативті бағалайды

презентация

24-34 мин

35-38

(І)Еесептер шығару

Дескрипторлары:

  • Есептің шартын жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
  • Қажетті формулаларды қолданады;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
  • Жауабын жазады.

Бағалау: мұғалім оқушыларды формативті бағалайды.

Қорытындылау және Кері байланыс

  • Қысым дегеніміз не?
  • Оның өлшем бірлігі қандай ?
  • Қатты дененің бетке түсіретін қысымын арттыру үшін ...
  • Қатты дененің бетке түсіретін қысымын азайту үшін ...

Презентация

39-40 мин

Рефлексия

Менің қолымнан келеді:

Қысым ұғымыны түсіндім

Қысым формуласын білемін

Есептер шығаруда формуланы қолдана аламын

Қысымды өзгерту үшін (арттыру немесе азайту) не істеу керектігін түсіндім

Префикстерді ХБЖ-не келтіре аламын

презентация

Үйге тапсырма

Қалыптастырушы бағалау

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу