Қысым. Қысым өлшем бірлігі. Газ қысымы. Паскаль заңы. Сұйықтар мен газдардағы қысымы. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу. Қатынас ыдыстар. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Хамитова Л.Б. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты тоқ

Мектеп: НЗМ ХББ Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөніХайруллин Б. С.

Сынып: 7 А

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысым. Қысым өлшем бірлігі. Газ қысымы. Паскаль заңы. Сұйықтар мен газдардағы қысымы. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу. Қатынас ыдыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.3.1.1 қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;
  • 7.1.1.5 сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану:

микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);

 Сабақ мақсаттары

  • Қысымның физикалық мағынасын түсіну және қолдану;
  • Паскаль занының формуласын есептер шығаруда қолдану;
  • Қысымды өлшеу білу және қатынас ыдыстарды тұжырымдау ;

 Бағалау критерийлері

  • Қысымның физикалық мағынасын түсінеді және бар болуының шарттарын түсінеді;
  • Паскаль заның есептер шығаруда қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Русский

English

қысым

Давление

pressure

Күш

сила

forse

аудан

площадь

area

салмақ

вес

weight

 

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:

Күштің өзі әрекет ететін ауданға қатынасына тең физикалық шама .... деп аталады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау;

Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау;

Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; Мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, математика

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс. Презентация

Бастапқы білім

Күш, ауырлық күші, аудан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын фронтальді сұрақтар арқылы тексеру (Ыстық орындық немесе алтын тәж әдісі арқылы):

1. Үйкеліс күші дегеніміз не?

2. Үйкеліс коэфициентін қалай түсінуге болады ?

3. Күштің өзі әрекет ететін ауданмен байланысы бар ма ?

4. Табиғатта үйкелістің қандай пайдасы бар

5. Үйкеліс күші мен салмақтың арасында байланыс бар ма ?

Оқушыларға сабақ алдында қоңырау барысында өткізілген шағын интервью арқылы сабақтың өту барысында әр оқушыға сұрақтарға жауап алынады. Сол арқылы оқушыларға сабақты түсіндірудің әртүрлі формасы таңдап алынды.

Сабақтың ортасы

25мин

25мин

10мин

Жұптық жұмыс.

Оқушылар алдымен қасындағы оқушымен бірге талқылау жүргізеді. Талқылау сұрағы: Қысымның физикалық мағынасынан басқа күнделікті өмірдегі басқалай мағынасын қалай түсінесіз? Жаратылыстану пәндерімен байланысты қандай мысалдар келтіруге болады ?

Оқушылардырға шағын бейнежазба көрсетіліп оларға жалпылама сұрақтар беріледі.

1) Нені байқадыңыздар ?

2) Қандай өзгерісті көріп тұрсыздар ?

3) Қысымның физикалық мәнін қалай түсінесіз ?

Тәжірибелік бөлім:Тірекке әрекетет ететін дененің түсіретін қысымын анықтау.

Жұмыс мақсаты: Қатты дененің тірекке түсіретін қысымын анықтауды үйрнеу.

Құрал-жабдықтар: динамометр, өлшеуіш лента, жүк.

 

 

 

 

  Жұмыс барысы:

 1) Динамометрдің бөлік құның анықта.

 2) Жүктің салмағын динамометр арқылы өлшеңіз.

 3) Жүктің ұзындығын енің биіктігін өлшеңіз.

 4) Мүмкін болар ең кіші және ең үлкен ауданды есептеңіз

 5) Осы аудандардар пайдалана отыра қысымның әртұрлі мәнің есептеп отырып салыстырыз. Тұжырым жасаңыз.

 

Бекіту сұрақтары:

  • Қысым дегеніміз не?
  • Қысым қандай физкалық шамаларға тәуелді ?
  • Қысымның заңдылықтары арасындағы байланысты тағайындаған ғалым ?
  • Қысым қатты денелерде қалай таралады ?
  • Қысымның формуласы ?
  • Қысымның өлшем бірлігі ?

Есептер жинағынан есептер талқылау

https://www.youtube.com/watch?v=tvyVg6DVLZA

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: қайталау

Есептер жинағы:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Сабақ беру барысында оны түсіндіруде презентация-бейнефильмнің пайдасы болды ?

- Қандай қиыншылтар болды ?

- не үйрендің ? нені білдің ? нені білгің келеді ?

Оқушылар топтық жұмыстарын ауызша бағалайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары, өз бетімен ойлау кабілеті жақсы оқушыларға тақырыпқа байланысты күрделі тапсырманы орындай алуы.

Оқушылардың көпшілігі тұрақты токты біле отыра, есептер жинағы бойынша А,В,С деңгейінің сұрақтарына жауап бере алады.

Өзінің өтілген тақырып бойынша кемінде 2 анықтама, я мысал келтіре алады.Бір- бірлерін бағалай алады.

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Кері байланыс:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу