алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қатты дененің қысымы. Физика, 7 сынып, презентация.


7.3В Қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың қысымы

Қатты денелердің қысымы

Физика 7 сынып

Оқу мақсаттары

7.3.1.1 қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;

7.1.1.5.сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);

Пәндік лексика мен терминология

Аяғына шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?

Белгілі бір бетке түсіретін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын физикалық шаманы қысым деп атайды

р-қысым,

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

гектопаскаль 1гПа=100 Па=102 Па

килопаскаль 1кПа=1000 Па=103 Па

мегапаскаль 1МПа=1000000 Па=106 Па

гигапаскаль 1ГПа=1000000000 Па=109Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді

Қысымның өлшем бірлігі Па (паскаль)

1. Паскальға айналдырыңыз(Па)

i. 0,05 Н/см2 =

ii. 2 гПа =

iii. 3 кПа =

iv. 20 Н/см2 =

2. КилоПаскальға айналдырыңыз(кПа)

i. 100000 Па =

ii. 20000 Па =

iii. 3200 Па =

iv. 1400 Па =

1. Паскальға айналдырыңыз(Па)

i. 0,05 Н/см2 = 500 Па

ii. 2 гПа = 200 Па

iii. 3 кПа = 3000 Па

iv. 20 Н/см2 = 2*105 Па

2. КилоПаскальға айналдырыңыз(кПа)

i. 100000 Па = 100 кПа

ii. 20000 Па = 20 кПа

iii. 3200 Па = 3,2 кПа

iv. 1400 Па = 1,4 кПа

Есептер шығару

Салмағы 960 Н жәшік тірекке 5кПа қысым түсіреді. Жәшіктің тіреу ауданын табыңыз.

Егер кітаптың үстелмен жанасатын беттің ауданы 1 дм2 , ал кітаптың сол бетке түсіріп тұрған қысымы 200 Па болса, онда кітаптың салмағы нешеге тең?

Массасы 10 кг жүк бетке 105 Па қысым түсіруі үшін, жүктің тіреу ауданы қанша болу керек?

Асфальтты тегістеуге арналған трактор сол жолға 6 кПа қысым түсіреді. Осы трактордың бір катогының тіреу ауданы 0,12 м2 болса, онда трактордың массасы неге тең?

Мұздың беті 8 кПа қысымға дейін көтере алады. Массасы 3т, ал табандарының ауданы 800 см2 болатын автомобиль осы мұз бетімен өте ала ма?

Үй тапсырмасы

Парақ, сызғыш және таразыны қолдана отырып, еденге түсіретін қысымыңызды есептеңіз

Үй тапсырмасы

Оқулық. Физика 7 сынып

§ 8.1 Оқу, қысқаша конспект

Парақ, сызғыш және таразыны қолдана отырып, еденге түсіретін қысымыңызды есептеңіз


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы