![]() |
|
![]() |
Қатты дененің қысымы. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 7-3-6
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың қысымы | Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қатты дененің қысымы | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.1 қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан; 7.1.1.5 сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M); | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | -қысым формуласы бойынша есептеу: қысым = күш / аудан; -сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M); | |||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Қысымды эксперементалдық жұмыста сипаттайды Қысымға есептерді шығарады және шешуін басқаларға түсіндіреді Есеп шығарған кезде сандарды стандартты түрге келтіреді | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, қысым туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады. Арнайы пәндік лексика және терминология: қысым, аудан, тірек, күш, қыры, Паскаль Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: қысым келесі шамаларға әуелді ... Формуланы пайдаланып.... Қысымды азайтуүшін... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| ГЖ бойынша: Коммуникативті құндылықтар
ЖА білу және түсіну:
ЖА құндылықтары: -Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта ЖА дағдылары: Өз-өзіне сенімділік жіне рефлексия дағдылары | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | математика | |||||||||||||||||||
Қолдану дағдылары | ГЖ бойынша: өмір бойы оқыту, ынтымақтастық, жұмыс және шығармашылық | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Күш,күштің түрлері,теңәсерлі күш | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушылармен амандасу. Презентациямен жұмыс: Проблемалық сұрақ: Кімге жүру оңай? Неге? Ойланып көр. Талқыландар Оқушылар жеке ойланады – 1 мин Жұпта талқылайды - 1 мин Сынып талқылайды - 1 мин Оқушылармен тақырыбын және мақсатын қою. Сабақ тақырыбы: Қатты дененің қысымы Мақсаты: 7.3.1.1 қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан; 7.1.1.5 сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M); | презентация | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | 1 тапсырма. Жеке жұмыс Мәліметті қолданып кестені толтыру керек
Талқылау. Толтырылған кестені мұғалім тақтада көрсетеді 2 тапсырма. Есеп шығару (Есепті жеке шығару, көршіңмен тексер)
Бір-бірімен тексереді, мұғалім тексереді Есеп шығаруға критерий: - қысым терминін түсінеді; - формула бойынша есептейді: қысым =күш /аудан; - сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) и мега (M); | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Белгі қою арқылы қаншалықты сабақты түсінгеніңді белгіле:
| |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Барлық оқушылар : қысым терминін түсінеді Оқушылардың көбі: оны формула бойынша есептейді қысым = күш / аудан; Кейбір оқушылар: сандарды стандарт түрде жазады | оқушылар бірін-бірі бағалайды | қызмет түрлерінің ауысуы, қажетті мәліметтер жинау барысында | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023