![]() |
|
![]() |
Қатты дене қысымы. Физика, 7 сынып, презентация.
Қатты дене қысымы
Оқу мақсаттары:
7.3.1.1 – қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;
7.1.1.5 – сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M)
Қысым ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;
Табиғаттағы қысымды арттыруға/кемітуге қажетті мысалдар келтіреді;
Қысым формуласын есептер шығаруда қолданады;
Физикалық шамалардың үлкен және кіші мәндерін префикстер арқылы (және керісінше) жазады.
Бағалау критерийлері:
Пәндік терминология
Острым носом все приколет:
Лист к доске, плакат к стене.
Очень нужная как в школе,
Так и даже дома, мне.
Starter: Қара жәшік ішінде не?
Неліктен қалың қар бетінде адамның жүруі қиынырақ та, шаңғымен жүру оңайырақ?
Қысым күші – бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күш, көбіне дене салмағы түрінде алынады.
Ойша эксперимент 1.
Қорытынды жасаңыз: Қысым көп болуы үшін қысым түсіретін дененің ауданы ....
Қай жағдайда көбірек қысым түсіріледі?
Ойша эксперимент 2.
Қай жағдайда көбірек қысым түсіріледі?
Қорытынды жасаңыз: Қысым көп болуы үшін қысым түсіретін дененің салмағы ....
Қысымды азайту үшін
Күшті кеміту керек
немесе
2. Күш әсер ететін беттің ауданның үлкейту керек.
Қысымды көбейту үшін
Күшті көбейту керек
немесе
2. Күш әсер ететін беттің ауданның кішірейту керек.
Қорытынды:
Сөйлемдерді аяқтаңыз
Егер дененің бетке түсіретін күшін 4 есе арттырсақ, онда қысымы ....
Егер дене табанының ауданын 3 есе арттырсақ, онда бетке түсрілетін қысым ...
Егер дененің массасын 2 есе азайтсақ, оның бетке түсіретін қысымы ... , себебі ...
Егер дене массасын 2 есе азайтып, ал ауданын 2 есе арттырсақ, онда оның бетке түсіретін қысымы ....
Қандай күрекпен жерді қазу оңай ?
Тақтайша балаға қандай көмек беруі мүмкін?
Неліктен тракторлар мен вездеходтардың доңғалақтары үлкен?
?
Берілген фигуралардың қайсысы бетке ең көп қысым түсіреді? Қайсысы ең аз қысым түсіреді? Түсіндіріңіз
Есептер шығару
1. Массасы 48 кг, ал аяқ киімінің жалпы ауданы 120 см2 тең бала, еденге қандай қысым түсіреді?
Дескрипторлары:
Есептің шартын жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
Қажетті формулаларды қолданады;
Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
Жауабын жазады.
Есептер шығару
2. Шаңғының үстінде массасы 68 кг спортшы тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қар бетіне қандай қысыммен әсер етеді?
Дескрипторлары:
Есептің шартын жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
Қажетті формулаларды қолданады;
Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
Жауабын жазады.
Есептер шығару
3. Массасы 2160 кг болатын «Мерседес» автомобилі жерге 60 кПа қысым түсіреді. Көліктің бір доңғалағының жермен беттесетін орташа ауданын анықтаңыз.
Дескрипторлары:
Есептің шартын жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
Қажетті формулаларды қолданады;
Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
Жауабын жазады.
Есептер шығару
4. Асфальт төсеуде қолданылатын машина «каток» тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300 кПа екені белгілі. Тірек асфальтқа қандай күшпен әрекет етеді? Оның массасы қандай?
Дескрипторлары:
Есептің шартын жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
Қажетті формулаларды қолданады;
Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
Жауабын жазады.
Қорытындылайық
Қысым дегеніміз не?
Оның өлшем бірлігі қандай ?
Қатты дененің бетке түсіретін қысымын арттыру үшін ...
Қатты дененің бетке түсіретін қысымын азайту үшін ...
Рефлексия
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023