Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу. №2 зертханалық жұмыс. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігін зерттеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 7.1A: Физикалық шамалар мен

өлшем бірліктер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу.

№2 зертханалық жұмыс. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігін зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.7 коллинеарлы векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу (осы кезеңде бағаламауға ұсынылған);

7.2.1.5 түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;

7.2.1.3 келесі формуланы пайдалана отырып жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептей білу: жүргенжолы / жұмсалғануақыты;

Сабақ мақсаттары

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету. Келесі формуланы пайдалана отырып жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептей білу: жүргенжолы / жұмсалғануақыты;

Жетістік критерийлері

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын біледі. Жылдамдық пен орташа жылдамдықты эксперимент арқылы дұрыс орындалу жолын қарастырады.

Тілдік мақсаттар

Ағылшынша

Қазақша

Орысша

velocity

жылдамдық

скорость

time

уақыт

время

vector

вектор

вектор

scalar quantity

скалярлық шама

скалярная величина

distance

қашықтық

расстояние

average velocity

орташа жылдамдық

средняя скорость

uniform movement

бір қалыпты қозғалыс

равномерное движение

Оқушылар: траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдық терминдерін қолданып қозғалысты сипаттай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология: Траектория, орын ауыстыру, жол, скалярлы жылдамдық, уақыт, жүрілген жол, векторлық жылдамдық, орташа жылдамдық, үдеу, скаляр, вектор.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз … жылдамдығын есептедік.

Біз … мен жылдамдықты есептедік.

Орташа жылдамдықты есептеу/анықтау үшін біз … өлшедік.

Орташа жылдамдық … жолымен есептелген болатын.

Біз … арқылы орташа жылдамдықты шығардық.

Біз деректерді/ақпаратты/нәтижені жазу/енгізу үшін …

Бізбен жасалған жұмыс нәтижелері/қорытындылары/кестелері

… екендігін көрсетеді.

Осы кестеден көрінетіндей...

Қорытындылай келе ...

... жылдамдығы … жасалды.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына жылдамдық, орташа жылдамдық, қозғалыс туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, Денешынықтыру. (Жылдамдықты, орташа жылдамдықты есептеуде, спортщы қозғалысы, т.б.)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалығы. Траектория. Жол. Орын ауыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру.

1. Амандасу.

Оқушылармен бірге оқу мақсаттарын, табыс критерийлерін нақтылайды;

Оқушыларды түгендеу

Жағымды психологиялық ахуал орнату

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сұрақты қағып ал». Үй тапсырмасын тексеру 

Мұғалім әрекеті: Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір  оқушыға өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1.   Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)

2.   Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)

3.   Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

4.    Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).

5.   Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)

6.   Орын ауыстыру деп нені атайды?

Бағалау критерийі:

  • Шамалардың анықтамасын айта алады;
  • Қозғалыс түрлеріне мысалдар келтіре алады

Үй тапсырмасын бағалауға арналған дескриптор:

  • Жол, орын ауыстыру шамаларының анықтамасын айта алды

ҚБ – «От шашу» әдісі

1 шапалақ- орташа,

2 шапалақ – жақсы,

3 шапалақ –өте жақсы

Мұғалім әрекеті: Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , еінші бағанада уақыт  .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік  тiлеймiн!

Оқушы әрекеті: берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды , бір-бірімен дәптерлерін алмастыра отырып тексереді.

http://www.classtools.net/education-games-php/fruit_machine

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіру. Жылдамдық, орташа жылдамдық шамасын енгізіп, формула, өлшем бірліктерін оқушылардан сұрау.

Есептер шығару. (тақтамен жұмыс)

  № 1. Теңдікті түрлендір:

36 км /сағ =  10  м/с ; 6 км/мин =  100м/с ;

   54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с  = 1 м/с ; 

   250см/с  =  2,5м/ с ;  7,9 км/с = 7900м/с

І топ

а)   Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.

 ІІ топ

б)   Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

ІІІ топ

в)  750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

Бағалау критерийі:

  • Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.
  • Формулаларды түрлендіріп, тапсырмаларды орындай алады.
  • Есептің нақты шешімін таба алады.

Дескриптор:

  • Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды.
  • Белгісіз шаманы берілген формуладан таба алды.
  • Формулаларды математикалық түрлендірді
  • Есеп шешімі шықты және жауабы жазылды

«Конверттегі есептер» (Жеке жұмыс)

1-тапсырма

(І - деңгей)

1 . Мотоцикл айдаушы 144 км жолды 2 сағатта жүріп өтті,оның қозғалыс жылдамдығын м/с бірлігіне айналдырыңдар.

2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы да 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

(ІІ - деңгей)

  • Атомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автомобиль барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?

(ІІІ- деңгей)

  • Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?

Бағалау критерийі:

    • Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.
    • Формулаларды түрлендіріп, деңгейлі тапсырмаларды орындай алады.
    • Есептің нақты шешімін таба алады.

Дескриптор:

1.Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды.

2. Белгісіз шаманы берілген формуладан таба алды.

  • Формулаларды математикалық түрлендіре отырып, соңғы жұмыстық формулаға жетті.
  • Есеп шешімі шықты және жауабы жазылды

ҚБ – жұлдызшалар тарату арқылы бағалау

Эксперименттік тапсырма.(№1 з.ж.)

Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдықты анықтау және жолдың уақытқа тәуелділігін зерттеу. S(t)

1 топ. PНYWE құралдарымен. (Арбаша мотормен, арбашаға арналған кішкене жалауша, таймер, фотоворота, рельс, жалғауш сымдар)

2 топ. 50 м қашықты өлшеу үшін ұзын өлшегіш лентаны қолдану. Қашықтықтың әрбір 10 м сайын секунд өлшегіші бар оқушы тұрады. Бір оқушы 50 метрге жүруін бастайды. Жүгіруші жүгірген кезде әр бір сынақ нүктесінде тұрған бала өз секунд өлшегішін қосады. Секунд өлшегіші бар оқушылар жанынан жүгіруші өткен кезде өздерінің секунд өлшегіштерін тоқтатады. Содан кейін өлшенген нәтижелерді кестеге енгізеді. Оқушы кестедегі нәтижені пайдаланып, әрбір 10 метрдегі жылдамдықты есептейді және ол осы аралықтағы қозғалыстың қандай түрі болатындығын анықтайды.

2 топта S(t) графигін тұрғызып, өз-өзін тақтадағы критерий бойынша бағалайды.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4 Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

презентация

Бақынов Ж. О. «Деңгейлік тапсырмалар»

Арбаша мотормен, арбашаға арналған кішкене жалауша, таймер, фотоворота, рельс, жалғауш сымдар, өлшеуіш таспа, секундомер.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

«Хабарлама» жеке жұмыс. Мәтіндік хабарлама SMS құрастыру

Сұрақ: бірқалыпсыз қозғалыстың орташа жылдамдығы деп нені түсіндіңдер? Мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма: §24,25,26

7 жаттығу (4), 8 жаттығу ( 3,4 )

Физика және астрономия 7кл. В. И. Кем.,

Б. А. Кронгарт

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша №1

1. Теңдікті түрлендір:

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = .......  м

12сағ = .......с

65см = ......м

45мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = 7000м

12сағ = 43200с

65см = 0,65м

45мин = 2700с

300мм = 0,3м

0,5сағ= 1800с

Қосымша №2

  № 1. Теңдікті түрлендір:

36 км /сағ =  10  м/с ; 6 км/мин =  100м/с ;

   54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с  = 1 м/с ; 

   250см/с  =  2,5м/ с ;  7,9 км/с = 7900м/с

  № 2

І топ

Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.

 Берілгені: Формуласы: Шешуі:

S = 150 км

t  =  2,5 сағ V = S / t V = 150 км / 2,5 сағ = 60 км / сағ

табу керек :V-? Ж:  Жеңіл машинаның жылдамдығы сағатына  64 км/сағ

 ІІ топ

Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

  Берілгені: ХБЖ   Формуласы:   Шешуі :

  t  =  30 мин   t=1800 V = S / t   V= 9 000м / 1 800 =5м/с  м/с

  S =  9 км S = 9000 м 

  Жауабы: V = 5 м/с

 табу керек : V-?

ІІІ топ

 750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

 Берілгені:

= 750км/сағ 

 t   =  6 сағ     S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км 

  т/к :  S=?

(І - деңгей)

1 . Мотоцикл айдаушы 144 км жолды 2 сағатта жүріп өтті,оның қозғалыс жылдамдығын м/с бірлігіне айналдырыңдар.

2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы да 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

(ІІ - деңгей)

  • Атомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автомобиль барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?

(ІІІ- деңгей)

  • Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?

Аты жөні______________________________________________________ сынып ______________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу