Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу. №2 зертханалық жұмыс. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігін зерттеу. Физика, 7 сынып, презентация.


1. Материалдық нүкте дегеніміз не?

2. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз ?

4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?

5. Жүрілген жол дегеніміз не?

6. Орын ауыстыру деп нені атайды?

Өткен тақырыпқа шолу

Сұрақ - жауап

Теңдікті түрлендір:

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық бірліктері.

Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.1.1.7 коллинеарлы векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу (осы кезеңде бағаламауға ұсынылған);

7.2.1.5 түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;

7.2.1.3 келесі формуланы пайдалана отырып жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептей білу: жүргенжолы / жұмсалған уақыты;

Негізгі ұғымдар :

Бірқалыпты қозғалыс

Бірқалыпты емес қозғалыс

Жылдамдық

Бірқалыпты қозғалыс

Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Бірқалыпты емес қозғалыс

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. 

Бірқалыпты емес қозғалыс

Жылдамдық

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолын анықтауға болады:

Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:

Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни ол векторлық шама болып табылады.

Физикалық шамалардың векторлық қасиетін көрсету үшін сол шама белгісінің үстіне сызықша қойылады.

Жылдамдықты өлшейтін аспап

спидометр

Жылдамдық

Жылдамдық км/сағ, км/с м/с, см/с, мм/с.

72 км/сағ =?

Мысалы: 72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с

Сонда 72 км /сағ = 72х1000/3600с =20 м/с.

Мысалы: ұшақтың жылдамдығы 400 м/с,

жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с,

жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ,

дыбыс жылдамдығы 340 м/с

тасбақаның жылдамдығы 0,05 м/с.

Сіз білесіз бе?

60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.

Спортшы 100 м қашықтыққа жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

Теңдікті түрлендір:

Өзіңді тексер.

Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы

120 км . Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 1,5 сағат жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.

І топ

ІІ топ

Велосипедші бірқалыпты қозғалып,

20 мин ішінде 7 км жол жүрген .Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

ІІІ топ

120 км/сағ жылдамдықпен ұшақ жарты сағатта қандай аралықты ұшып өтеді?

« Кім жылдам?»

«Кім жылдам? »

«Конверттегі есептер» (Жеке жұмыс)

(І - деңгей)

1 . Мотоцикл айдаушы 144 км жолды 2 сағатта жүріп өтті,оның қозғалыс жылдамдығын м/с бірлігіне айналдырыңдар.

2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы да 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

 

(ІІ - деңгей)

Атомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автомобиль барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?

 

(ІІІ- деңгей)

Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?

Үй тапсырмасы:

§15 -18. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

5 жаттығу

«Хабарлама» жеке жұмыс. Мәтіндік хабарлама SMS құрастыру

Сұрақ: бірқалыпсыз қозғалыстың орташа жылдамдығы деп нені түсіндіңдер? Мысалдар келтіріңдер.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу