Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі Үлкен және кіші сандарды жазу. Физика, 7 сынып, презентация.


Қайырлы күн!

(W) Ауызша жаттығулар

1. Сендер күнделікті өмірде өлшеулер жүргіздіңдер ме? Қандай? Мысалдар келтіріңдер.

2. Физикалық шама өлшем бірліктеріне мысал келтіріңдер.

3. Физикалық өлшем бірліктер алдындағы кило-, гекто-, санти-, милли-, микро- сөздері қандай мағынаны білдіреді?

(W) Ауызша жаттығулар

4. Келесі мысалдар қандай физикалық шамалар туралы айтылады:

а) сабақ 45 минутқа созылады;

б) бөтелкеде 0,5 л су бар;

в) мұз 0°С – та ериді;

г) автобус 40 км жол жүрді?

(W) Ауызша жаттығулар

5. Суретте ұзындықтары бірдей білеушені екі түрлі сызғышпен өлшегендігі көрсетілген. Қай жағдайда дәл нәтиже алынған? Жауаптарыңды негіздеңдер.

(W) Ауызша жаттығулар

6. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалының физикалық мағынасын түсіндіріңдер.

«Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.

Үлкен және кіші сандарды жазу»

Сабақ мақсаты

Аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып ұзындықты және уақытты өлшеу

Аспап қателігін ескере отырып, физикалық шаманы келесі формула арқылы өрнектейміз:

L = l +l

L – өлшенетін шама

l – өлшеу нәтижесі

∆l – өлшеу қателігі

(G) Жұптық жұмыс

2. Сағат өлшеуіш құрал болып табылады, ал циферблат – құрылғы шкаласы. Аспаптың бөлік құны нешеге тең? Сағат неше уақытты көрсетіп тұр?

3.Төменде көрсетілген суреттегі қай мензурка арқылы сұйықтың көлемін дәл анықтауға болады? Неліктен? Аспаптың қателігін ескере отырып сұйықтың көлемін анықтаңдар.

1500000000 =1,5•109 км

300000000 = 3•108 м/с

0.000000023 = 2.3•10-8 см

10m•10n = 10m+n

10m:10n = 10m-n

(10m)n = 10mn

100 = 1

(І) Жеке жұмыс

А тобы

1. Төмендегі сандарды стандартты түрде жазыңдар:

26 000 =

45 000 000 =

0,000 785 =

0,001 07 =

83,6 =

0,004 19 =

36,23·10-2 =

0,27·107 =

2. Келесі теңдіктердің мәнін табыңдар:

107 ·103=

109 ·102=

108 ·10-4=

106 ·10-6=

106·10-2=

10-5 ·10-7=

В тобы

3. Бактерияның бір түрінің ұзындығы 0,5мкм-ге тең. Егер осындай бактерияларды бір қатарға орналастырсақ, 1 см арақашықтыққа қанша бактерия сыяды? Жауапты стандартты түрде жазыңдар.

 

С тобы

4. Көлемі 1м3 болатын кубты тұрғызу үшін қыры 1мм болатын қанша кіші кубтар қажет? Әр қайсысының көлемі 1мм3 болатын кубтарды бір қатар бойына тығыз орналастырған жағдайда осы қатардың ұзындығы қанша болады?

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- нені білуім керек

Үй жұмысы

§ 7 6 тапсырма,

4 (2) есеп, 43 бет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу