Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, презентация.
6 сынып
Жобаны жоспарлау және құрастыру
Сабақ мақсаты:
музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;
ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;
шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;
компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;
«Ыстық орындық»
Жобаға арналған тақырыпшалар.
1-ші топ
«Музыка және поэзия» тақырыбына – 4 шумақ өлең жолдарын құрастырыңыз, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеңіз.
2-ші топ
«Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазу.
3 топ
«Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ойластырыңыз.
4-ші топ
«Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасаңыз.
Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері.
Топтық жұмысты орындай алады;
Әр топ ішінде оқушылар өз рольдерін анықтай алады;
Шығармашылық жұмысты толықтай орындай алады.
Дескриптор:
Топта әр оқушы өз ролін көрсетті;
Әр оқушы өзінің ролін сомдады;
Шығармашылық жұмысты соңына дейін орындады;
Жобаға арналған жаңа идея ұсынды;
Әр- түрлі бағытта жұмыстар ұсынылды.
Жоба рефлексиясы.
Сіздер өнер түрлері туралы не айтып бере аласыздар?
Өнердің түрлері (белгілі бір түрі) қандай әсер береді?
«Өнерлі өрге жүзер», «Өнерліге өлім жоқ» деген нақыл сөз бар, сіздер ол туралы не ойлайсыздар? Неге? Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Сіздер қандай қосымша ақпаратпен бөлісе аласыздар?
Басқа өнер түрлерінде музыка қандай орын алады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру