Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақты коллаборативті ортаны ұйымдастырудан бастаңыз. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтап, алдыңғы сабақтарда өткен опера, балет, симфониялық музыка және т.б. тақырыптарын еске түсіріңіз.
Көне Греция картиналары, Ла Скала - опера театры, шығыс театрлары – Кабуки, Рим театры, Қазақстан театрлары суреттерін көрсетіп талқылаңыз:
-Суретте не бейнеленген?
-Театр туралы не білесіздер?
Талқылаудан кейін, карточкалар бойынша сыныпты топтарға бөліп, келесі тапсырмаларды таратыңыз:
1 топ –театр ұғымы (антикалық театр, амфитеатр);
2 топ –Қазақстандағы театрлар;
3 топ –атақты әлем театрлары.
-Театр туралы не білдіңіздер?
-Театр қойылымдарында музыка қандай роль атқарады?
-«Өнер синтезі» сөз тіркесін қалай түсінесіздер?
-Өнер түрлері бір-бірімен байланысты деп айта аламыз ба? Неге?-сұрақтары көмегімен талқылау жүргізіңіз. Сонымен қатар, «спектакль», «театр режиссері», «актер», «дыбыс режиссері», «костюм тігуші» сөздеріне түсінік беруін сұраңыз.
Топта орындалған тапсырмалар незінде «Мен театр жайлы не білемін?» тақырыбына кішігірім эссе жазуды (80-100 сөз) сұраңыз. Эссе жазу тапсырмасында оқушылардың қаншалықты тақырыпты игергенін көруге болады.
Орындау және импровизациялау тапсырмасын орындау үшін, Б.Бейсенованың «Мама» әнін тыңдаңыз. Әнге талдау жүргізіңіз:
- Ән не туралы жазылған?
- Әннің көңіл-күйі қандай?
- Әннің темпі, ырғағы қандай?
Кейін, топта осы ән сүйемелдеуіне «Мерекеңмен, жан Ана!» атты шағын құттықтау қойылымын ойластырыңыз. Оқушылар өз таңдауыңыз бойынша шағын көрініс немесе пантомима дайындай алады. Оқушылар таңдау бойынша топтарға бөлініп, жұмыс жоспарын құрады. Топта өз рөлдерін анықтайды.
Тапсырмаға арналған критерийлер:
- Топта орындаған рөлі;
- Актерлік шеберлік;
- Әнге байланысты анықтап көрсету(Осы критерийлерді оқушылармен бірлесіп, толықтыруға болады).
Сынып алдында орындауды ұйымдастырыңыз. Бірін бірі бағалау жұмыстарын жргізіңіз.
-Көрсетілімнің қай түрін таңдадыңыз?
-Өз эмоцияңыз бен сезіміңізді жеткізу үшін қандай көркемдеуші құралдарды қолдандыңыз?
Шағын көріністі мұғалімнің кері байланысымен қорытындылаңыз.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз. Парақшаларды таратып, ойды жалғастыруды сұраңыз.
-Мен бүгін сабақта үйренгенім…
-Сабақта мені толғандырған…
-Әсіресе менің қолым жеткені…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру