Композитор – лирик Ақан сері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Атақты тұлғалар» бөлімінің екінші тақырыбы «Композитор – лирик Ақан сері» деп аталады.

 1-тапсырмада оқушыларға Секен Тұрысбековтың «Көңіл толкыны» күйін тыңдауды ұсыныңыз.

 Музыканың үзіндісін тыңдап болған соң оқушылардың лирикалық музыка, лирика сөзі жайлы не білетіндерін білу үшін сұрақтар қойылады.

  •  Лирика сөзін қалай түсінесіздер?
  •  Қандай музыканы лирикалық дейміз?
  •  Қандай лирикалық әндерді білесіздер?

 Мұғалім оқушыларға лирика сөзіне теориялық түсініктеме береді.

 Лирика (грек. Lyra) - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.

 Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.

 2. Музыка тыңдау және талдау тапсырмасында оқушылар Ақан серінің лирикалық әндерінің бірін дәстүрлі орындауда қарайды. Әнді тыңдаған соң мұғалімнің қойған ашық дәрежелі сұрақтарына жауап беру арқылы талдайды.

  •  Бұл әнді неге лирикалық деп атайды?
  •  Тыңдап отырып, нені елестетуге болады?
  •  Лирикалық әнге қандай музыкалық штрихтар сәйкес келеді?

 Мұғалім алдыңғы 4, 5 бөлімдерде өткен легато және стаккато штрихтарын оқушылардың есіне түсіреді. Бұл оқушылардың алған білімдерін бекітіп отыру үшін қажет. Оқушылар жауап бере алмаған жағдайды лирикалық әндерге легато музыкалық штризының тән екенін мұғалім өзі айтып өтуі тиіс.

 Сонымен қатар өткен сабақтағы жаңа теримндерді де мұғалім оқушылармен бірге қайталап өтуі қажет.

 3. Ақпарат іздеу тапсырмасын мұғалімге алдын ала дидактикалық материалды дайындап немесе сілтемелерді беру арқылы өткізуге болады. Топтарға сілтемелерді беру үшін ғ ноутбук қажет. Тапсырманың бұл түрі оқушылардың ақпарттық технологиялармен жұмыс істеуін дамытады.

 Оқушылар берілген тақырып бойынша ақпаратты топпен бірге оқып, сыныпқа өз сөздерімен айтып беруі тиіс

 Дайындық уақытын нақты сақтау үшін, мұғалім сағат, таймер немесе құм сағатын қолдануына болады.

 Презентацияда Әр топ кезекпен ақпараттарын сыныппен бөліседі.

 Презентациядан кейін айтылған ақпарат оқушылардың естерінде сақталуы үшін мұғалімнің сұрақ қою арқылы қорытындылауы қажет

  •  Ақан сері қандай әндер жазған екен?
  •  Қай өңірде өмір сүрді?
  •  Оның тұлпары мен бүркітінің аты қалай болған екен?

 4. Әнді тыңдау «Балқадиша» әнін оқушыларға тыңдату арқылы, мұғалім бұрынғы кездегі музыкалық дәстүрлі әндер қазір заманауи стильдерде орындалып, өз тыңдарманына жол тапқанын айтады. ОҚушыларға қойған сұрақтарды негізге ала отырып, мұғалім оқушыларға жаңа аранжировка терминін түсіндіреді.

 Аранжировка музыкалық терминіне түсініктеме.

  Француз тілінен аударғанда ретке келтіру деген мағынаны білдіреді.

 Музыкалық шығарманы негізгі әуенді сақтай отырып автордың нұсқасына қарағанда орындалудың басқа түріне бейімдеу, өңдеу, өзгерту.

 5. Әнді орындау шығармашылық тапсырмасы үшін мұғалім әннің жазбасы, музыкалық аспаптар және сөздерін дайындауы қажет. Оқушылар 4 топқа бірігіп өз тапсырмаларын алады, ал орындау кезінде олар 2 топқа бірігеді. Өйткені тапсырмалары бір бірімен байланысты.

 Орындау кезінде 1-2, 3-4 топтар бірге өз жұмыстарын көрсетеді. Егер қосымша уақыт қалса оқушыларға топ рөлдерін ауыстырып орындаутуға болады.

 Презентация және бағалау

 Топтар өзге топтардың шығармашылық жұмысын сұрақтарға жауап беру арқылы бағалайды.

 - әнді орындау барысында аспапта ойнаған топ ырғақты дұрыс ойнады ма?

 - әнді дауыспен айтқан оқушылар әуенді орындай алды ма?

 - орындауда нені жақсартуға болады?

 Сабақты қорыту мұғалімнің сұрақтары арқылы өтеді:

 Бүгін қандай тұлға туралы білдің?

 - Оның әндері қандай болған?

 - Лирика дегеніміз не?

 - Аранжировка дегеніміз не?

  Рефлексия

 Оқушылар сынып қабырғасындағы «Білдім», «Білгім келеді», «Білемін» сөздерінің қасына барып тұрады. Мұғалім қажет болса қосымша пікір білдіріп, сұрақ қояды. Рефлексияны дұрыс ұйымдастыру келесі сабақтың тиімді етіп өтуіне ықпал етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу