Композитор – лирик Ақан сері. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 – сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1- қосымша.

Лирика туралы ақпарат

Лирика (грек. Lyra) - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.

Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.

2-қосымша

Ақан серінің әндері жайлы ақпарат

1 топ өмірбаян

Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.

Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.

Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.

2 топ - «Сырымбет» әні

Әнші Жамал атты қызға ғашық болады. Қыздың әкесі Жүсіп төре Жамалды басқа қалың мал берген жігітке күйеуге береді. Сол оқиғадан кейін ақын «Сырымбет» әнін шығарған деседі. Сырымбет Ақанның ауылы болатын. Композитордың бұл мұңды әнінде айрылу қайғысы мен сағынышы бейнеоенген.

3 топ – «Көкжендет» «Қараторгай»

Тағы екі мұңды әні копмозитордың мерт болған екі аңшы құстарына арналған. Көкжендет жоғалыр кетсе, «Қараторғай» қартайған болған екен. Әннің мазмұны тек қана құстарға арналмай, композитордың ойы мен сезімін, орындалмаған махаббаты жайлы толғаныстарын жеткізеді.

4 топ –«Маңмаңгер» и «Құлагер»

Ақан серінің жақсы көрген Құлагер атының мерт болуы туралы айтылады. Ол Кұлагерді өлтірткен қызғаншық Батыраш бай болатын, ат бәйгесінде барлық қазақ даласына әйгілі Құлагерді өз тұлпарының озбайтынын сезген Батыраш, Құлагерді өлтіруге бұйрық береді. Сол беәйгеде танымал ақынның тұлпары барлығынан озып алдында келе жатыпты, ал байлардың жылқылары артта қалған екен. Осы қайғылы оқиғадан кейін туған «Құлагер» әнінде Ақан сері өзінің сүйкті тұлпарының өлімі туралы айтқан.

Ақан серінің аты Құлагер Сарыарқаға атағы шығады, барлық бәйгелерді жеңіп танылады. Өзінің лирикалық әндерінің бірі «Маңмаңгерді» Ақан сері әуезді, әдемі әуенін өзінің тұлпарына арнаған екен, әнде жылқының баяу жүрісі, тұяғының дыбыс естеледі.

5 – топ «Желдірме»

Бір күндері Ақан Кіші жүздің ауылдарына ұзақ жолға, саяхатқа аттанады. Сол жерде ол Ақтоты есімді сұлуды кездестіріп ғашық болады. Бірақ дала заңдарына сай қыз бұрыннан басқа жігітке атастырылған екен. Ақан Ақтотыны алып қашпақ болады, бірақ онысы жүзеге аспайды. Ақтотыны сүймеген жігітіне күйеуге береді, сол оқиғадан рухани жара алған Ақан мұңды бірақ әуезді ән «Желдірмені» шығарады.

3-қосымша

«Балқадиша» әні

1. Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,

Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!

Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,

Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

2. Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,

Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!

Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу