Композитор – лирик Ақан сері. Музыка, 3 сынып, презентация. 2 – сабақ.
Композитор – лирик Ақан сері
Лирика сөзін қалай түсінесіздер?
Қандай музыканы лирикалық дейміз?
Қандай лирикалық әндерді білесіздер?
Секен Тұрысбеков
«Көңіл толкыны»
Лирика (грек. Lyra) - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.
Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы
(1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы - 1913 жылы, сонда) - ақын, әнші, композитор.
Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен.
- Бұл әнді неге лирикалық деп атайды?
- Тыңдап отырып, нені елестетуге болады?
- Лирикалық әнге қандай музыкалық штрихтар сәйкес келеді?
Музыка тыңдау және талдау.
Ақан серінің «Балқадиша» әні
Сал және сері – әнші импровизаторлар, бойларында композиторлық, жыршылық, шабандоз, аңшылық қабілеттері болған. Бұл халықтық дара, тума талантты тұлғалар. Өздерінің өнерін халқына арнаған, халық арасында құрметке ие болған.
Сал – әнші, композитор, импровизатор, орындаушы болған дарынды өнерпаз.
Сері – бойларында өнермен қатар, құсбегілік, аңшылық, күресу қабілеттері болған.
Тапсырма– тобыңызбен бірге берілген ақпартпен танысып, сыныпқа айтып беріңіз.
1 топ - Ақан серінің өмірбаяны
2 топ - «Сырымбет» әні
3 топ - «Көкжендет» пен «Қараторгай» әндері
4 топ - «Маңмаңгер» мен «Құлагер» әндері
5 топ - «Желдірме» әні
Аранжировка
Француз тілінен аударғанда ретке келтіру деген мағынаны білдіреді.
Музыкалық шығарманы негізгі әуенді сақтай отырып автордың нұсқасына қарағанда орындалудың басқа түріне бейімдеу, өңдеу, өзгерту.
«Балқадиша» әні
1. Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!
2. Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!
Рефлексия
Білгім келеді Білдім Білемін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?