Композитор – лирик Ақан сері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Композитор – лирик Ақан сері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату;

3.1.3.1 - музыкалық көркемдеуші

құралдарды анықтау және оларды орындауда қолдану;

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық- шығармашылық

жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- Ақан серінің шығармашылығымен танысады;

- лирика және лирикалық әндер туралы біледі;

- әр түрлі орындаудағы Ақан серінің әндерін тыңдайды және талдайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Тыңдалған музыкалық шығарманың жанрын, сипатын, динамикасы мен екпінін анықтайды.
  • Әнді орындау барысында өз дауысы мен музыкалық аспаптарды қолдану арқылы импровизация жасайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде шығармашылық жұмысқа идеялар ұсынады;

өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • лирикалық музыка, Ақан сері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әннің орындаушысы туралы не білеміз?
  • Мұндай әндерді қалай атайды?
  • Лирика сөзін қалай түсінесіз ?
  • Қандай музыканы лирикалық деп атаймыз?
  • “Лирикалық ән” сөзін қалай түсінесіз?
  • Қандай лирикалық әндерді білесіз?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық ән өнерімізге деген құрмет, патриоттық сезімге музыка ақылы тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта ұлы тұлғалар туралы ақпарат алды, сал және сері терминдерін ажыратып, көрнекті қазақ өнерпаздары жайлы постер жасап сыныпқа таныстырды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарла нған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақты ұйымдастыру

Музыкалық сәлемдесу

  • Сыныпта талқылау

Лирикалық музыканың үзіндісін тыңдау

Секен Тұрысбеков «Көңіл толкыны»

  • Лирика сөзін қалай түсінесіздер?
  • Қандай музыканы лирикалық дейміз?
  • Қандай лирикалық әндерді білесіздер?

Мұғалім оқушыларға лирика сөзіне теориялық түсініктеме береді.

Лирика (грек. Lyra) - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.

Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.

2. Музыка тыңдау және талдау.

Ақан серінің лиркалық әнімен танысыңыз «Балқадиша» әні.

Оқушылар әннің домбырада орындауын тыңдайды.

  • Бұл әнді неге лирикалық деп атайды?
  • Тыңдап отырып, нені елестетуге болады?
  • Лирикалық әнге қандай музыкалық штрихтар сәйкес келеді?

Мұғалім алдыңғы 4, 5 бөлімдерде өткен легато және стаккато штрихтарын оқушылардың есіне түсіреді.

Өткен сабақтағы терминдерді қайталау

Сал және сері – әнші импровизаторлар, бойларында композиторлық, жыршылық, шабандоз, аңшылық қабілеттері болған. Бұл халықтық дара, тума талантты тұлғалар. Өздерінің өнерін халқына арнаған, халық арасында құрметке ие болған.

Сал – әнші, композитор, импровизатор, орындаушы болған дарынды өнерпаз.

Сері – бойларында өнермен қатар, құсбегілік, аңшылық, күресу қабілеттері болған.

https://www.youtube.com/watch?v=MANxj0LHZyI

https://www.youtube.com/watch?v=XJ7rGT7DZHA

Сабақтың ортасы

30 мин

3. Ақпарат іздеу

Оқушыларды 5 топқа біріктіру

Мұғалім әр топқа алдын ала дайын дидактикалық материалды береді. Ақан серінің бір әні мен ол әннің шығу тарихы туралы ақпарат.

Тапсырма– тобыңызбен бірге берілген ақпартпен танысып, сыныпқа айтып беріңіз.

Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі.

1 топ - Ақан серінің өмірбаяны

2 топ - «Сырымбет» әні

3 топ - «Көкжендет» пен «Караторгай» әндері

4 топ - «Маңмаңгер» мен «Құлагер» әндері

5 топ - «Желдірме» әні

Презентация

Әр топ кезекпен ақпараттарын сыныппен бөліседі.

Мұғалімнің қорытындылауы

  • Ақан сері қандай әндер жазған екен?
  • Қай өңірде өмір сүрді?
  • Оның тұлпары мен бүркітінің аты қалай болған екен?

4. Әнді тыңдау

Эстрадалық орындауындағы «Балқадиша» әнін тыңдау.

Бұл әншілерді не біріктіріп тұр?

  • Алдыңғы тыңдаған нұсқадан қарағанда бұл орындаудың қандай ерекшеліктері бар?

Аранжировка музыкалық терминіне түсініктеме.

Француз тілінен аударғанда ретке келтіру деген мағынаны білдіреді.

Музыкалық шығарманы негізгі әуенді сақтай отырып автордың нұсқасына қарағанда орындалудың басқа түріне бейімдеу, өңдеу, өзгерту.

5. Әнді орындау

Оқушыларды 4 топқа біріктіру.

Әр топқа бір шумақты беру

1 топ – 1-шумақты дауыспен орындау

2 топ – 1-шумаққа сүйемелдеу ойлап табу

3 топ – 2-шумақты дауыспен орындау

4 топ – 2-шумаққа сүйемелдеу ойлап табу

Тапсырма: әнге ырғақтық сүймелдеу шығарыңыздар және орындаңыздар. орындау барысында музыкалық көркемдеуші құралдарын дұрыс қолданыңыздар.

«Балқадиша» әні

1. Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,

Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!

Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,

Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

2. Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,

Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!

Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!

Презентация және бағалау

Топтар өзге топтардың шығармашылық жұмысын сұрақтарға жауап беру арқылы бағалайды.

- әнді орындау барысында аспапта ойнаған топ ырғақты дұрыс ойнады ма?

- Әнді дауыспен айтқан оқушылар әуенді орындай алды ма?

- Орындауда нені жақсартуға болады?

https://www.youtube.com/watch?v=6QpZJ_pZccM

Сабақтың соңы

5мин

Сабақты қорыту

Бүгін қандай тұлға туралы білдің?

- Оның әндері қандай болған?

- Лирика дегеніміз не?

- Аранжировка дегеніміз не?

Рефлексия

Білдім

Білгім келеді

Білемін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға әнді аспаппен сүйемелдеу тапсырылады.

Сұрақтарды талқылау кезінде ауызша бағалау

Постер қорғағанда критерий бойынша бағалау

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу