Әлем театрлары. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.


«Сәулет өнері» бөлімінің 3 сабағына әдістемелік нұсқаулық

Музыкалық сәлемдесу өткен сабақта өткен тақырыпты қайталау үшін музыкалық штрихтарды қолданып амандасу ретінде өткізіледі.

Мұғалім оқушылардың қалай амандасу керектігін түсіну үшін алдымен өзі айтып көрсетеді. сонан соң балалар сол дыбысты қайталайды.

амандасу./

Сабақ тақырыбна кіріспе ретінде оқушыларға Астана операсы жайлы бейнематериал көрсетілді.

  • Бұл бейнеролик не туралы?
  • Бүгінгі сабағымыз қай тақырыпта деп ойлайсыздар?

Дұрыс, балалар бүгінгі сабақта біз театрлар туралы айтатын боламыз.

біздің сабағымыздың тақырыбы «Әлем театрлары»

Бүгінгі сабақта

  • Театрлар туралы айтамыз.
  • Музыкалық театрлық қойылымдар қойып импровизация жасаймыз
  • Шығармашылық жұмысты таныстырып бағлаймыз.

1 тапсырманы бастамас бұрын оқушылардан

  • Театр өнері дегеніміз не?
  • Қандай театр жанрларын білесіздер?
  • Қандай театрға бардыңыз? Деген сұрақтарды қойып театр өнері жайлы не білетінен сұрап алу қажет. Сонымен қатар өз қалаларыңызда қандай тетар барын сұрап өтуге де болады.

Сонан соң оқушылар түрлі театр жанрларынан үзінділер көреді. Үзінділерді көру барысында оқушылар бұл театрдың қай жанрына жататынын анықтауы тиіс.

  • Балалар операсы «Маша мен үш аю»
  • Классикалық опера «Қыз жібек»
  • Драма театры «Таңшолпан»
  • Көлеңке театры «Бауырсақ»
  • Қуыршақ театры «Менің атым Қожа»

Театр жанрларынан үзініділер оқушыларды келесі тапсырмада істейтін шығармашылық жұмыс үшін идея табуына көмектеседі. Оқушылар театр өнерінің қандай болатынын түсінеді өздеріне ұнаған театр өнерінің бірін таңдайды.

Оқушыларды 5 топқа біріктіру.

Әр топқа бір ертегі беріледі.

  • «Алтын шашты қыз бен үш аю» ертегісі
  • «Бремен музыканттары» ертегісі
  • «Күлшеқыз» ертегісі
  • «Бауырсақ» ертегісі
  • «Қызыл телпек» ертегісі

2 тапсырмада оқушылар театр қойылымын жасап, ертегілерді сомдауға дайындалады.

Оқушылардың қандай тақырыпта сахналау дайындайтынын өздері анықтау үшін топқа бөлуді «Мозаика» әдісімен өткізуге болады. 5 ертегінің суреті түрлі түсіт шығарылып оқушылар санына байланысты қиылады. Оқушылар суретті қиықтар арқылы қосу арқылы топтарға бірігеді және қай ертігін сомдайтынын өздері анықтайды.

Оқушыларға музыкалық ертегі ойлап табу тапсырмасы беріледі. Мұғалім ертегі кітаптарын, суреттерін алдын-ала дайындап оқушыларға ұсынуы қажет. Оқушылар суреттерге қарап, кейіпкерлерді есіне түсіреді, ертегі барысындағы бір оқиғаны сахналауға дайындайды. Шығармашылық жұмысқа дайындық юарысында оқушыларға топта рөлдерді бөлісу жөнінде ескерткен жөн, кейбір оқушылар актер болса, келесі оқушылар музыкант рөлінде кейпкерлерге арналған музыкалық сүйемелдеу ойнауы керек.

Мұғалім балаларға арналған музыкалық театр қойылымын дайындау ұсынысын жасайды. Бұл тапсырма сабақтың басым бөлігін алады. Оқушыларға кейпкерлердің образына ену үшін мұғалім алдын-ала атрибутика дайындауы қажет. Сонымен қатар әр түрлі халық ертегілері таңдалғандықтан бұл сабақты тіл мұғалімдерімен бірлесіп ұйымдастыруға болады. 3 тапсырмада әр топ өз музыкалық ертігісін сахналайды. Шығармашылық жұмысты таныстырғуа аса мән берген жөн, оқушыларға сынып ішінде сахна ұйымдастырып, ертегіге қатыспайтын өзге оқушыларды көрермен рөлінде отырғызып, әр топтың өз ертегісін көрсетіп болған соң бір-бірін шапалақтау арқылы мадақтауын мұғалім ұйымдастыруы қажет.

Топтар өз жұмысын көрсетіп болған соң мұғалім сұрақтар қояды:

- топтардың орындауы немен ерекшеленеді?

- Өз жұмысыңызды қалай жақсартушы едіңіз?

Рефлексияны оқушылардың көңіл-күйлерін білу үшін смайликтерге сәйкес түрді мимика арқылы көрсету және сұрақтарға жауап беру түрінде өткізуге болады.

  • Бүгін не білдім?
  • Бүгін не үйрендім?
  • Маған не ұнады?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу