Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 - сабақ.


1-қосымша

 

 Сарыарқа- Солтүстік облыстар(Ақмола, Пертопавлск, Павлодар,Қостанай) жатады. Бұл алқапта бидай егін өсетіндіктен сарыарқа деп аталған.

 Жетісу – Оңтүстік-Шығыс облыстар (Өскемен, Семей, Талдықорған) эатады. Бұл өлкеде Жеті өзен ағып үлкен алакөлге құяды. Сондықтан Жетісу деп аталған.

 Ақжайық –Батыс облыстар (Орал, Атырау) жатады. Бұл өлке үлкен жайық өзенінің бойында орналасқан. Сондықтан Ақжайық мекен деп аталып кеткен.

 Сыр –Оңтүстік облыстар (Қызылорда, Шымкент) жатады. Сырдария өзенінің бойында орналасқан.

 

Осы өңірлердің атауымен аталатын ақын композиторлардың көптеген шығармалары бар екенін естеріне сала кетіңіз.

Мысалы, А.Қоразбаевтың «Сарыарқа», С.Байтереков «Сарыарқа». Ш.Қалдаяқов «Ақжайық» және «Сыр сұлу» әндері, Құрманғазы «Сарыарқа» күйі т.б

2-қосымша.

Болат Бауыржанұлы Мажағұлов (1 тамыз 1983 жылыАлматы) — музыкант, мәдениет жанашыры. 2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.

Ренат Гайсин- (1979 жылы, Атырау) –танымал композитор, өңдеуші, музыкалық продюсер,The Magic of Nomads шығармашылық тобының жетекшісі. Ол түрлі жанрда: ән, аспаптық, кино музыкасы және симфониялық шығармалар жазады.

Секен Кәрімұлы Тұрысбеков (1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған) — қазақ композиторы, күйші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1989). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Танымал «Көңіл толқыны», «Ақ жауын» күйлерінің авторы «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі.

3-қосымша.

Кең дала

Сөзі: Д. Қалиев

Әні: М. Тналин

1.Ашық аспан, кең далам,мөлдір бұлақ,

Жер жайнаған гүлдермен жасыл құрақ.

Тау-тас,ағаш,жұпардай ауасы бар,

Таң қаламын қазақтың даласына.

Қ-сы:

Жайлау биі,ән мен күйі,әсем балауса,

Киіз үйі,ас пен сыйы,бәрі тамаша.

Құрт пен майы,қаймақ,шайы,шұбат,қымызы,

Сазды қобызы.

Наурыз тойы,асық ойын,бәйге жарысы,

Арқан тартқан,алтыбақан,күрес сайысы.

Ақындар мен жыраулардың айтыс,термесі,

Қазағымның өлең көрмесі.

2. Үйрек қуған, айнала тұлпар мінген,

Құмарымды қандырған мөлдір сумен.

Қуанышты,бақытты жастық шағым,

Көш бастаған қазақтың даласында.

Қ-сы:

Кең дала

Сөзі: Д. Қалиев

Әні: М. Тналин

1.Ашық аспан, кең далам,мөлдір бұлақ,

Жер жайнаған гүлдермен жасыл құрақ.

Тау-тас,ағаш,жұпардай ауасы бар,

Таң қаламын қазақтың даласына.

Қ-сы:

Жайлау биі,ән мен күйі,әсем балауса,

Киіз үйі,ас пен сыйы,бәрі тамаша.

Құрт пен майы,қаймақ,шайы,шұбат,қымызы,

Сазды қобызы.

Наурыз тойы,асық ойын,бәйге жарысы,

Арқан тартқан,алтыбақан,күрес сайысы.

Ақындар мен жыраулардың айтыс,термесі,

Қазағымның өлең көрмесі.

2. Үйрек қуған, айнала тұлпар мінген,

Құмарымды қандырған мөлдір сумен.

Қуанышты,бақытты жастық шағым,

Көш бастаған қазақтың даласында.

Қ-сы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу