Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 - сабақ.
1-бөлім: Тірі табиғат
Бүгінгі сабақта
Болат Мажағұлов, Секен Тұрысбек & Ренат Гайсин орындауындағы «Ұлы дала» композициясын тыңдаймыз және талдаймыз;
музыкасы М.Тналин, сөзі Д.Қалиевтің «Кең дала» әнін үйренеміз және орындаймыз;
Ноталарды, музыкалық аспаптарды қолданып «дала әуенін» шығарамыз.
Картадан Сарыарқа, Ақжайық, Жетісу, Сыр өңірлерін көрсет!
Музыка тыңдау және талдау.
Болат Мажағұлов, Секен Тұрысбек & Ренат Гайсин орындауындағы «Ұлы дала» музыкалық композициясын тыңдаңыз және бейнебаянын тамашалаңыз.
Сұрақтарды талқылаңыз.
Музыкалық шығарманы тыңдаған кезде көз алдыңызға не елестеді?
Орындауда қандай ерекшелікті байқадыңыз?
Музыканың орындалуы барысында көңіл-күй өзгере ме?
Берілген шығарманы «Қазақ даласы» деп атауға бола ма? Неліктен?
Ән үйрену және орындау.
Музыкасы М.Тналин, сөзі Д.Қалиев «Кең дала» әнін үйреніңіз және орындаңыз.
Кең дала
1.Ашық аспан, кең далам,мөлдір бұлақ,
Жер жайнаған гүлдермен жасыл құрақ.
Тау-тас,ағаш,жұпардай ауасы бар,
Таң қаламын қазақтың даласына.
Қ-сы:
Жайлау биі,ән мен күйі,әсем балауса,
Киіз үйі,ас пен сыйы,бәрі тамаша.
Құрт пен майы,қаймақ,шайы,шұбат,қымызы,
Сазды қобызы.
Наурыз тойы,асық ойын,бәйге жарысы,
Арқан тартқан,алтыбақан,күрес сайысы.
Ақындар мен жыраулардың айтыс,термесі,
Қазағымның өлең көрмесі.
2. Үйрек қуған, айнала тұлпар мінген,
Құмарымды қандырған мөлдір сумен.
Қуанышты,бақытты жастық шағым,
Көш бастаған қазақтың даласында.
Қ-сы:
Жайлау биі,ән мен күйі,әсем балауса,
Киіз үйі,ас пен сыйы,бәрі тамаша.
Құрт пен майы,қаймақ,шайы,шұбат,қымызы,
Сазды қобызы.
Наурыз тойы,асық ойын,бәйге жарысы,
Арқан тартқан,алтыбақан,күрес сайысы.
Ақындар мен жыраулардың айтыс,термесі,
Қазағымның өлең көрмесі.
Музыка шығару
Дауысты, нотаны, ұрмалы және музыкалық –шулы аспаптарды қолдана отырып «дала әуенін» шығарыңыз.
Орындау және импровизация
Өзіңіздің шығарған композицияңызды орындаңыз. Орындау кезінде импровизация жасаңыз.
Өзіңіздің және өзгелердің жұмысына төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып баға беріңіз: (ҚБ)
Не жақсы шықты?
Нені жақсартуға болады?
Дала әуендерін жеткізе алдыңыздар ма?
Рефлексия:
-Бүгін не білдім?
-Мен үшін не жаңа болды?
-Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?