Мажорлы көңіл күй. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» бөлімінің 1 сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

 Музыкалық сәлемдесу

 - Сәлеметсіздер ме, балалар!

 - Сәлеметсіз бе, мұғалім!

 /ноталарымен орындау/

 

 Сабақ тақырыбы мен мақсатттарын айқындау үшін оқушыларға қарам қарсы бейнелер көрсетіледі.

 Оқушылар жаман және жақсы тақырыбын анықтап, өздерінің мектептегі тәртіптері жөнінде ойларымен бөліседі.

 Талқылау үшін мұғалім сұрақтар қойып, оқушыларды әгімелесуге бейімдейді.

  •  Мына суреттерді қалай жұптастыруға болады?
  •  Қарама-қарсылық туралы не білесіңдер?
  •  «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбына қандай мысал білесіңдер?

 

 2 тапсырмада оқушылар әр түрлі ладтағы П.И. Чайковскийдің балаларға арналған альбомынан бірнеше шығармалар тыңдайды. Оқушылар әрбір тыңдалған шығармаға сай би қимылдарын жасап, өз қозғалыстары арқылы музыканы сезінеді.

 П. Чайковский

 «Марш деревянных солдатиков»,

 «Игра в лошадки»,

 «Сладкая греза»,

 «Старинная французская песня»

 Музыкалық терминдер. Музыка тыңдап және қимылдар жасап болған соң мұғалім оқушыларға теорияны, музыкалық терминдерді түсіндіреді. Қарама қарсы мағынаны білдіретін музыканың көркемдеуші құралдары жайлы және мажорлық лад жайлы түсіндіреді. Оқушыларға әрбір музыканың көркемдеуші құралын ампапта ойнап көрсетуге болады. Оқушылар тәжірибе арқылы екпін, динамика, лад туралы жақсырақ түсінуге мүмкіншілік алады.

 3 тапсырмада оқушылар мажорлық тональдіктегі «Еркем» ай халық әнін үйренеді. Сыныппен бірге әнді бірнеше рет айтып болған соң мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді.

 Алдыңғы бөлімдегі музыкалық терминдерді бекіту мақсатында әр топ музыканың көркемдеуші құралдарының қарама-қайшылықтарын көрсете отырып әнді орындау тиіс.

 Мұғалім өзі мысал ретінде әннің бір бөлігін жылдам және баяу орындап көрсетуіне болады.

 Оқушыларға топпен бірге динамиканың немесе екпіннің ауысатын жерін нақты келісіп алу жөнінде ескерту керек.

 4 тапсырмада әнге импровизация жасау

 1 топ - динамика қарама-қарсылығы/қатты - ақырын/

 2 топ - темп қарама-қарсылығы/тез - баяу/

 3 топ - сипатының қарама-қарсылығы /мұңды - көңілді/

 

 Топтар дайындалып болған соң өз жұмыстарын презентация жасауға дейін мұғалім әр топқа бағалау парақтарын таратады. Бір топ тек бір топты бағалайтыны жөнінде айтып, оқушыларды сағат тілі бойынша ауызша бөледі.

 Оқушылар бағалау парағында көрсетілген сұрақтарға өз ойына сай белгі қояды. Әр топтан бір спикер шығып, бағасын береді

 

 сұрақтар

 +++

 ++

 +

 Барлық қатысушылар әннің сөзі мен әуенін дұрыс орындап шықты

 

 

 

 Топтың ансамблі жақсы болды

 

 

 

 Топ қатысушылары қарама-қарсылықтың ауысуын нақты орындады

 

 

 

 Аспаптар қызықты қолданылды

 

 

 

 

 5 тапсырмада оқушылар еркем ай әніннің қайырмасын нотаға салады. Бұл тапсырманы бастама бұрын мұғалім оқушылармен ноталардың орналасуын қайталайды. Және «Ля» нотасының түсі мен орналасуын түсіндіреді.

 Рефлексия барысында оқушылар сабаққа дейін нені білді, нені үйренді және нені үйренгісі келетіні жөнінде ойларымен бөліседі.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу