Қиылысатын, перпендикуляр және параллель түзулер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбаева Ш.Ж.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиылысатын, перпендикуляр және параллель түзулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- «қиылысатын түзулер», «параллель түзулер», «перпендикуляр түзулер» ұғымдарын білетін болады;

- торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда қиылысатын, параллель және перпендикуляр түзулер мен кесінділерді сала алатын болады;

- сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді таниды және таба алады.

 Бағалау критерийлері

- «қиылысатын түзулер», «параллель түзулер», «перпендикуляр түзулер» ұғымдарын біледі және түсінеді;

- осы ұғымдарды сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді тануда, анықтауда қолданады;

- торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда параллель және перпендикуляр түзулерді салады

Құндылықтарды дарыту

Зерттеу дағдыларын, қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Достық, өзара түсіністік, жауапкершілік, академиялық адалдық.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар параллель және перпендикуляр түзулерді салу алгоритмдерін түсіндіріп айта алады.

Пәндік лексика мен терминология:

- қиылысатын түзулер;

- параллель түзулер;

- перпендикуляр түзулер;

- перпендикуляр;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- параллель түзулер салу үшін …

- перпендикуляр түзулер салу үшін …

Пәнаралық байланыстар

геометрия

 Бастапқы білім

Тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

сабақтың басы

2 мин

2 мин

2 мин

1 мин

I.Ұйымдастыру

Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.

Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі.

Сипаттама: амандасу

- Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді).

- Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады).

- Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді).

Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.

Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.

Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.

II. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу

Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау

Әдіс: «Шабандоз бен ат» интербелсенді оқыту тәсілі

Сипаттама: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: «шабандоздар» мен «аттар». Бірінші топ сұрақтары бар карточкалар, екінші топ жауаптары бар карточкалар алады. Әр «шабандоз» өзінің «атын» табу керек.

Мұғалім қызметі: оқушылар жұмыстарын үйлестіреді.

Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ пен оның жауабын сәйкестендіру арқылы өз жұбын табады.

Бағалау: дайын жауаптар бойынша жұпта өзара бағалау

III. Проблемалық жағдай

Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру

Әдіс: проблемалық оқыту

Сипаттама: Берілген түзулер қалай аталады?

- Берілген түзулер жұптарының арасында өзгеше жұп бар ма, әлде олар жазықтықта орналасуына қарай бірдей ме?

- Түзулердің жұбы әртүрлі болса, олардың атаулары бірдей болуы мүмкін бе?

Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Оқушы қызметі: суреттерді мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап)

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

IV. Мақсатты анықтау

Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.

Сипаттама: Бүгін сабақта нені уйрену керек?

Әдіс: SMART-технологиясы: бұл түзулердің атауын білу және оларды салуды үйрену

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқу мақсатын әрқайсысы маңызды деп қабылдаған жағдайында оқу үрдісінің белсенді субъектісі болып табылады. Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Қосымша 1 сәйкестендіру карточкалары«Шабандоз бен ат»

Сабақтың ортасы

1 мин

3 мин

7 мин

2 мин

2 мин

2 мин

5 мин

3 мин

3 мин

V. I практикалық жұмыс

Мақсаты: параллель түзулермен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сипаттама: Торкөз парақта түзуді қалай салуға болады? Ол үшін бізге не қажет?

1. Жеке жұмыс: сызғыш пен қарындаш көмегімен дәптерде және тақтада салу орындалады.

түзу сызық деген не?

Түзубұл шексіз сызық.

параллель тұзу сызыңыз.

Проблема: біз параллель түзу не екенін білмейміз.

2. Сөздікпен жұмыс: «параллелос» — грек тілінен аударғанда «қатар жүруші» деп аударылады.

дәптер бетінде параллель түзуді қалай салуға болады?

(дәптердің сызықтарын қолданыңыз)

Неге бұл сызықтар параллель деп аталады?

Параллель түзулерді жазу және белгілеумен танысады.

Қорытынды: бұл түзулер ешқашан қиылыспайтын болғандықтан параллель деп аталған. «Параллель түзулер» видео-көрсетілімін тамашалау.

«Параллель түзулердің көлбеуі» текстінің 7 және 8-ші тапсырмаларын орындау.

3. Топтық жұмыс: екі топта торкөзі жоқ ақ парақта параллель түзулерді салу тәсілін талқылап, қорытындысын флипчартта жазды және тақтада көрсетеді, дескрипторын құрастырады.

Қорытынды: топтар жұмыстарын қорғайды.

1-әдіс 1.Бұрыштық көмегімен салу.

Дескрипторлар:

1. а түзуін салу

2. оңан перпендикуляр түзу салу;

3. осы перпендикулярға перпендикуляр болатын басқа b түзуін салу

4. b түзуін созу;

5. а және b түзулері параллель.

2-әдіс 2.Бұрыштық және сызғыш көмегімен салу.

Дескрипторлары:

1. а түзуін салу

2. бұрыштықтың бір қабырғасын осы түзуге орналастырып, сызғышты бұрыштықтың келесі қабырғасына беттестіреді

3. бұрыштықты сызғыш бойымен жылжытады

4. b түзуін сызады;

5. а және b түзулері параллель.

Қорытынды. «Параллель түзулерді салудың екі әдісі» видео-көрсетілімін тамашалау

Мұғалім қызметі: «параллель түзулер» ұғымын және оны салу тәсілдерін игеруге жағдай жасайды.

Оқушы қызметі: берілген барлық тапсырмаларды түсініп орындау.

Бағалау: сөздікпен және жеке жұмыста өзін – өзі бағалау, топтық жұмыста өзара бағалау

Бағалау критерийлері:

1. параллель түзулер ұғымын біледі;

2. торкөзді парақта параллель түзулерді дұрыс салады

3. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық көмегімен дұрыс салады

4. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық және сызғыш көмегімен дұрыс салады

VI. II практикалық жұмыс

Мақсаты: перпендикуляр түзулермен, «перпендикуляр» ұғымымен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.

Сипаттама:

1. Фронтальді жұмыс: Сіз теңізде жағадан қашықта суға түсіп жатырсыз делік. Кенеттен акула шыға келді! Сіз оған керемет тағамсыз. Сіздің алғашқы әрекетіңіз жағаға жүзіп барул түзу сызқпен шектелген). Өз жүзу жолыңызды сызып көрсетіңіз және акула сіздің артыңыздан жүзіп келе жатырғанын ескеріңіз.

Жауап: бұрыштық көмегімен нүктеден (сіздің тұрған жеріңіз) түзуге (жаға) дейінгі ең қысқа жолды таңдау керек. Ол перпендикуляр деп аталады. Егер біз оны созсақ, перпендикуляр түзу аламыз.

Қорытынды: перпендикуляр түзулер – жазықтықта тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер.

2.Сөздікпен жұмыс: перпендикуляр атауы латынның “перпен-дикулярис” - тіктеуіш - сөзінен алынған. Ерте заманнан құрылысшылар тіктеуіш, яғни жіпке байланған жүк көмегімен қабырғалардың үй еденіне перпендикулярлығын тексерген. Бұл құрылғыны олар қазір де қолданады.

3. Жеке жұмыс: Дәптерде перпендикуляр түзулерді қалай сызуға болады?

Дәптердің торкөздері көмегімен перпендикуляр түзулер салады.

4. Топтық жұмыс: Торкөзі жоқ ақ парақта бұл түзулерді қалай салуға болады?

Сұрақтың жауабын топта талқылап, шешімдерін тақтада көрсетеді. 

Қорытынды. топтар жұмыстарын қорғайды.

«Перпендикуляр түзулер» видео-көрсетілімін тамашалау. Перпендикуляр кесінділер тапсырмаларын ауызша орындау.

Мұғалім қызметі: «перпендикуляр түзулер» ұғымын және оны салу тәсілдерін игеруге жағдай жасайды.

Оқушы қызметі: берілген барлық тапсырмаларды түсініп орындау.

Бағалау: фронтальді жұмыста мұғалімнің ауызша бағалауы; сөздікпен және жеке жұмыста өзін – өзі бағалау; топтық жұмыста өзара бағалау

Бағалау критерийлері:

1. перпендикуляр түзулер ұғымын біледі;

2. перпендикуляр ұғымын біледі;

3. торкөзді парақта перпендикуляр түзулерді дұрыс салады

4. торкөзі жоқ парақта перпендикуляр түзулерді бұрыштық көмегімен дұрыс салады

VII.Өзіндік жұмыс.

Мақсаты: оқушылар білімін өзіндік жұмыс арқылы бекіту

Әдіс: дамыта бақылау әдісі

Сипаттама:

1.  Қандай түзулер параллель деп аталады?

А) қиылыспайтын түзулер

Б) қиылысатын түзулер

В) кейде ғана қиылысатын түзулер

2. Қандай түзулер перпендикуляртүзулер деп аталады?

А)  сүйір бұрыш жасап қиылысатын түзулер

Б)  тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер

В)  доғал бұрыш жасап қиылысатын түзулер

3. Грек тілінен аударғанда «параллелос» сөзі қандай мағына береді?

А) «сызық»; Б) «түзу»; В) «қатар жүруші»

4. Түзу сызық дегеніміз не?

А)  түзу ол шексіз сызық

Б)  түзу ол кесінді

В)  түзуол сызық

5. Грек тілінен аударғанда “перпендикулярис” сөзі қандай мағына береді?

А) перпендикуляр түзулер

Б) перпендикуляр кесінділер

В) перпендикуляр

Мұғалім қызметі: қадағалу, қажет болған жағдайда қолдау көрсету

Оқушы қызметі: ноутбукта EasyQuizу тестімен өзіндік жұмыс орындау

Бағалау: өзіндік тексеру.

Компьютердің бағалауы:

4 - 5 дұрыс жауап - "Жарайсың! Сен тақырыпты жақсы меңгердің!";

0 - 3 дұрыс жауап - "Саған тақырыпты қайталау керек!"

VIII. Сабақты қорытындылау

Мақсаты:  оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау

Әдіс: дамыта оқыту

Сипаттама:

1. Фронтальді жұмыс (1-5 слайдтар)

Параллель және перпендикуляр түзулер қай жерлерде кездеседі?

Қиылысатын, параллель және перпендикуляр түзулер туралы білу не үшін керек?

Өмірде параллель және перпендикуляр түзулер туралы білім қай жерде қажет болады?

2. Презентация бойынша ауызша жұмыс

  • Жетіспейтін сөздерді қойыңыз: (6-7 слайдтар):

а) егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысса, олар ... түзулер деп аталады.

б) егер екі түзу қиылыспаса, олар ... түзулер деп аталады.

в) … ║ деп аталады, егер олар қиылыспаса.

г) … ┴ деп аталады, егер олар бұрышпен қиылысса.

  • Суреттен қандай түзулер көруге болады?(8 слайд)
  • Параллель және перпендикуляр түзулерді табыңыз, оларды атаңыз және символ арқылы жазыңыз Найти, назвать и записать с помощью символов ные прямые(9-11 слайдтар)

Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс.

Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі

Bilimland.kz

«Параллельтүзулер» видео-көрсетілімі

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/planimetriya/prostei_shie_geometricheskie_figury_i_ix_osnovnye_svoi_stva/lesson/tochka-i-pryamaya-vzaimnoe-raspolozhenie-dvux-pryamyx

Қосымша 2 «Параллельтүзулердің көлбеуі».

«Параллель түзулерді салудың екі әдісі» видео-көрсетілімі

«Перпендикуляр түзулер» видео-көрсетілімі

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/planimetriya/prostei_shie_geometricheskie_figury_i_ix_osnovnye_svoi_stva/lesson/tochka-i-pryamaya-vzaimnoe-raspolozhenie-dvux-pryamyx

Қосымша 3 «Перпендикуляр кесінділер»

EasyQuizу компьютерлік тестілеуі

"Айналамыздағы параллель және перпендикуляр түзулер" презентациясы

Сабақтың соңы

2 мин

3 мин

VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау

Әдіс: шығармашылық көзқарас

Сипаттама: таңдау бойынша (12-14 слайдтар)

1— "Айналамыздағы параллель және перпендикуляр түзулер" тақырыбында әңгіме құрастыру;

2 — алфавиттен параллель және перпендикуляр түзулері бар әріптерді тауып, соларды қатыстырып сөздер құрастыру;

3 — параллель және перпендикуляр түзулері бар қала суретін салу.

Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру

Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау

X. Рефлексия

Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу

Әдіс: "анкета"

Сипаттама: оқушыларға анкет а ұсынылады

1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым

2. сабақтағы өз жұмысыма ...

3. сабақ мен үшін ... болды

4. сабақта мен ...

5. менің көңіл-күйім ...

6. сабақтың материалы ...

7. үй тапсырмасы мен үшін ...

белсенді / селқос

ризамын / риза емеспін

қысқа / ұзақ

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / нашарлады

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

жеңіл / қиын

қызықты / қызықсыз

Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндірп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.

Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.

Дифференциация

Ожидается оказание помощи одноклассникам при групповой/парной форме работ; активность при выполнении творческого задания от более способных учащихся

Бағалау – как Вы планируете проверить уровень усвоения материала учащимися?

Запланировано применение на уроке разных форм оценивания: устные комментарии учителя, самооценивание, взаимооценивание

Пәнаралық байланыс

және АКТ қолдану дағдылары

Связь с геометрией. Применение образовательной платформы для школьников и студентов BilimLand.

Применение компьютерного тестированияEasyQuizу

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1 «Шабандоз бен ат»

— бұл фигураларды бір сөзбен қалай атауға болады?

— тұйықталған, тұйықталмаған.

— қандай сызықтарды көріп тұрсыз?

— қисық сызықтар.

— бұл түзу сызықтар.

— берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

— сынық сызықтар.

— түзу сызық деген не?

—Қандай сызықтар ерекшеленген?

— Түзу сызық – бұл жазықтықтағы шексіз сызық.

Сұрақтар:

Жауаптар:

— бұл фигураларды бір сөзбен қалай атауға болады?

— қисық сызықтар.

— қандай сызықтарды көріп тұрсыз?

— сынық сызықтар.

— Берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

—тұйықталған, тұйықталмаған.

— түзу сызық деген не?

Түзу сызық – бұл жазықтықтағы шексіз сызық.

— Қандай сызықтар ерекшеленген?

— бұл түзу сызықтар.

Қосымша 2 «Параллель түзулердің көлбеуі». Bilimland.kz сайты материалдары

Қосымша 3 «Перпендикуляр кесінділер». Bilimland.kz сайты материалдары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу