Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу; 6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың өз бетімен және бірлесіп оқу арқылы білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, математикалық модельдеу идеяларының әлемді танудың жалпыланған әдісі ретінде қалыптасуына ықпал етеді. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру (ActivPrimary, ActivStudio, ActivInspire). | |||||
Бастапқы білім | Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 – 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Біріккен оқу ортасын құру. Үй тапсырмасын слайд арқылы тексеру, көмек қажет оқушыларға қосымша түсінік беру. Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастыру. «Математиктер биі» | Қосымша 1 https://www.youtube.com/watch?v=fbGl0f6K_9I Слайд 4 | ||||
Сабақтың ортасы 5 – 17 мин 17 – 18 мин 18 - 28 мин 28 – 29 мин 29 – 36 мин 36 – 38 мин | Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды еске түсіре отырып жұмыстанамыз. Ол үшін «Борды беріп жібер» стратегиясын қолданайық. Оқушыларға тапсырмалар жазылған үлестірме ұсыныңыз. Мұғалім тапсырманы түсіндірмей орындайды да борды (маркерді) кез келген оқушыға береді. Оқушы орындалған тапсырманы түсіндіреді және алдын ала дайындалған критерий бойынша бағалайды, содан соң өзі бір тапсырманы түсіндірмей орындайды да, борды басқа оқушыға береді, ойын осылайша жалғасады. №1. Берілген сурет бойынша табыңыз: Жауабы: 1400, 400, 1400. №2. AB, CD және EF түзулері О нүктесінде қиылысады. ; , СОВ бұрышының градустық өлшемін табыңыз. Жауабы: 600. №3. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың үшеуінің қосындысы 2840. Бұрыштардың әрқайсысының градустық өлшемін табыңыз. Жауабы: 760, 1040. №4. MN, KL және FT түзулері O нүктесінде қиылысады. және . және бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыз. Жауабы: 750, 700. Шығарылған есептерді оқушы толық түсінік беріп, сол бойынша бағалауды талап етіңіз. Мынадай суреттер ұсыну арқылы оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, топтық деңгейлік тапсырмалар ұсыныңыз.
№1. a, b және c түзулері бір нүктеде қиылысады. екенін дәлелдеңіз. №2. Берілген үш түзу бір нүктеде қиылысады. , . Табыңыз: , ,,,. Жауабы: 390, 1120, 290, 390, 290. №3. Берілген үш түзу бір нүктеде қиылысады. , . Табыңыз: , ,,, . Жауабы: 400, 1200, 400, 1200, 200. №4. m, n және k түзулері бір нүктеде қиылысады. , екенін дәлелдеңіз. Дайын жауапты слайд арқылы көрсетіп, топтар арасында өзара бағалау жүргізу. Дәлелдеу есептерінде топ жауабына қараңыз. Жеке тапсырма (біртіндеп күрделенген). №1. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың: а) екеуінің қосындысы 1140; b) үшеуінің қосындысы 2200 осы бұрыштарды табыңыз. Жауабы: а) 570, 1230, 570, 1230; b) 400, 1400, 400, 1400. №2. ,. Табыңыз: , ,. Жауабы: 210, 630, 420. №3. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс: 1) берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түсіруге болады; 2) нүктеден түзуге дейінгі қашықтық нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығына тең; 3) берілген нүктеден түзуге бір ғана перпендикуляр түсіруге болады; 4) кез келген қиылысатын екі түзу – перпендикуляр түзулер. Дескриптор: Білім алушы:
Дайын жауапты тақтада көрсету арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, тексеруден соң кері байланыс беріңіз. | Қосымша 2 Слайд 5 - 6 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 А.П.Ершова,. Геометрия 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2013 г. | ||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Рефлексия Үйге тапсырма №1085 Сағат 12-ден 15 минут кеткенде оның сағаттық тілі мен минуттық тілі неше градус бұрыш жасайды? А. 82030/; В. 840; С. 85030/; ; D. 80030/;. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында дәлелдеу тапсырмасы топтық жұмысқа ұсынылады. Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушыға анықтамалық тұжырымдарды қайталап отыру ескертіледі. | Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау, жеке жұмыста өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Топпен жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болуға мүмкіндік беру. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру