Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Оқу мақсаты: 6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Бағалау критерийі:

Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;

▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады

Ауызша тест тапсырмасы.

1) Теңдеу жазылған жолды таңдаңыз:

a) 48 – 4(5 – 2) = 36

b) 48 – 4(5 – х)

c) 48 – 4(х – 2) = 36

d) 48 – 4(5 – 2)

2) –2х = 24 теңдеуінің қандай сан түбірі болады?

a) 1 b) –16 c) –12 d)12

3) Төмендегі қай теңдеудің түбірі –2 саны болады? 

a) 3х – 4 = 12

b) х + 3 = 5

c) 5х + 2 = 8

d) 5 – х = 7

4)Ұқсас мүшелерді жинастырыңыз: 3а + 2а + 4а – 7а

a)2а + 2 b)2 c)2а d)4а

5)Теңдеулер мәндес пе?

–2(х - 4) = 4 және 2(х - 4) = –4

a)жоқ

b)білмеймін

c)ия

d)басқа жауап

Сұрақ

–Теңдеу дегеніміз не?

– Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

– Теңдеуді шешу дегеніміз не?

– Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

Тапсырма1:

ах =b түрінде берілген теңдеуді таңдаңдар

-0,8x2 =48;

-1,2х=-3,6;

5x2-3х=0;

6у=2,4;

3z=-9

Тапсырма2:

ах =b теңдеуін шешіңдер

2(8 – х) = 10

1) Теңдеудің екі жағында жақшаларды кеңейтіңіз

16 – 2х =10

2)–2х = 10 – 16

3)–2х = –6

4)Теңдеудің екі жағында бірдей санға бөліңіз

х = 3

 

Жаңа сабақ

Анықтама

aх=b түріндегі теңдеу ( мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Шығару алгоритмі

1. Жақшаларды ашу.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін табу керек.

Теңдеудің шешімдерінің үш жағдайы:

Тапсырма 3.

1) 4(х + 7)= 3 - х;

2) 2х + 5= 2(х + 10);

3) 4(х + 3)= 2(х + 6) + 2х

Тапсырма4.

1) 4(х + 5) = 5(х + 4) – х

2) 6х + 3 = 6(х + 5)

3) 8х + 4 = 2х + 22

4) –12n – 3 = 11n – 3

Тапсырма 5

Ереже

Үлгі

Тапсырма

Теңдеуді шешу үшін:

1. Жақшаларды ашу.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін табу керек.

Теңдеуді шешу:

Шешімі:

Дескриптор

Оқу мақсаты

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Жақшаларды дұрыс ашады

Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды

Ұқсас мүшелерді дұрыс біріктіреді

Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін дұрыс табады

Сабақты қорытындылау:

Топтық рефлексия

  • Сабақтың мақсаты қандай?
  • Анықтаңыз, сабақ мақсатына жеттіңіз бе?
  • Осы мақсатқа жетуге көмектескен құралдар мен әдістерді көрсетіңіз.
  • Егер болса, сабақта шешілмеген қиындықтарды атаңыз.

Жеке рефлексия

Оқу мақсаты

Білемін

Білдім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу