Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.10

теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • теңдіктерді түрлендіре алады.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;
  • коэффициент;
  • ұқсас мүшелер;
  • әріпті өрнектің мәні;
  • өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;
  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;
  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;
  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….
  • тепе-теңдік – бұл … теңдікті айтады.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

1-5 мин

5-8 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін,

«Адамды табыңыз...» ойыны ұйымдастырылады.

Тепе-тең өрнектерді білетін....

Тепе-теңдікті дәлелдеу дегенімізді білетін...

Ұқсас қосылғыштарды біріктіруді білетін...

Жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін...

Жақша алдында «-» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін...

Өрнектің мүмкін мәндер жиыны дегенді білетін...

Сынып оқушыларын алдыға шығып «Адамды табыңыз» деген тапсырманы үлестіріп, сол бойынша жұмыс жасау шарты түсіндіріледі. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере алды ма, соны тапсырманың шартын интерактивті тақтаға шығара отырып таяқшалар көмегімен сұраққа жауап беретін оқушы таңдалып алынады. Келесі сұраққа жауап беретін оқушыны алдыңғы сұраққа жауап берген оқушы таңдап алады, т.с.с.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақтың ортасы

8-11 мин

11-18 мин

18-28 мин

28-36 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Топтық жұмыс.

Тапсырма 1.

1. Қозғалыстың жылдамдығы формуласымен есептелетіні белгілі.

  • Егер қозғалыстың жылдамдығы және уақыт белгілі болса, жүрген жолды қалай табуға болады?
  • Егер қозғалыстың жылдамдығы және жүрген жол белгілі болса, қозғалыстың уақытын қалай табуға болады?

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

2. Екі бумада 60 дәптер бар. Біріншіде - x дәптер, екіншіде - y дәптер. Төменде жазылған теңдіктерден екінші бумадағы дәптерлер санын өрнектеңіз.

1) x+y=60;

2) 2x+y=60;

3) x+(2y-4)=60 және т.б.

Оқушылар есептерді рет-ретімен шығарады және басқа да шығарылу жолдарын іздейді.

Жазғандарын жұпта, сосын топта талқылайды

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 2.

  • 9х + у – 16 = 0 2) 5x – 3y = 1

а) Берілген теңдіктегі у айнымалысын х айнымалысы арқылы өрнектеңіз.

ә) Берілген теңдіктегі х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектеңіз.

Тапсырма 3.

Тепе-тең болатын теңдіктерді сәйкестендіріңіз.

Жауаптарыңызды негіздеңіз.

Берілген теңдік

А

Ә

у = 3х + 2

х = 3у+ 2

1

2х + у – 1= 5

Б

В

y = 6 – 2x

2

8х + 3у = 9у - 2

Г

Ғ

Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 4.

  • Берілген санды разряд бірліктеріне жіктегенде, ол 7 жүздіктің b ондықтың және с бірліктің қосындысы түрінде жазылады. Берілген сан 90-ға еселік болуы үшін b-ның, с-ның орындарында қандай цифрлар болуы қажет? Берілген санды жазыңыз.
  • Тапсырманы шебер а сағатта орындайды, ал үйренуші b сағатта орындайды. Егер екеуі бірігіп жұмыс істесе, олар осы тапсырманы неше сағатта орындайды?

а) Есептің шығару өрнегін құрастырыңыз;

ә) a=4, b=6 болғанда оның мәнін табыңыз.

Дұрыс жауапты таңдаңыз:

А. 2,2 сағ; Ә. 2,4 сағ; Б. 2,5 сағ; В. 2,8 сағ.

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Қосымша 1.

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Сабақтың соңы

36-40 мин

Сабақты қорытындылау.

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу